- Басты бет
- Жаңалықтар
- 2026 жылғы 17 ақпанда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Заң факультетінің Қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасында «AI және қаржылық алаяқтық: қалай алданбауға болады?» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
2026 жылғы 17 ақпанда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Заң факультетінің Қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасында «AI және қаржылық алаяқтық: қалай алданбауға болады?» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
17 ақпан, 2026
Іс-шараның мақсаты – жасанды интеллекттің дамуы аясында кең таралып жатқан қаржылық алаяқтықтың жаңа түрлері туралы ақпараттандыру, сондай-ақ азаматтардың жеке деректерін қорғау және интернеттегі қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру.
Дөңгелек үстел барысында қатысушылар AI көмегімен жасалатын алаяқтық схемалары, фишинг, жалған қоңыраулар мен хабарламалар, әлеуметтік желілер арқылы алдау тәсілдері және қаржылық қауіпсіздікке қатысты өзекті мәселелерді талқылады. Сонымен қатар, алаяқтықтың алдын алу бойынша практикалық кеңестер ұсынылды.
Іс-шара соңында қатысушылар қаржылық сауаттылықты арттыру және ақпараттық қауіпсіздікке қатысты түсіндіру жұмыстарын жүйелі түрде жүргізудің маңыздылығын атап өтті.