ЗАҢГЕР АБЗАЛ ҚҰСПАННЫҢ «АЛАШ ЗАҢГЕРЛЕРІ» КІТАБЫНА АРНАЛҒАН КІТАП ТАЛҚЫСЫ ӨТТІ

Әл‑Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Шығыстану факультетіннің студенттері арасында «Алаш заңгерлері» кітабының талқылауы өтті. Кітап авторы Абзал Құспан қазақ қоғамына белгілі тұлға, танымал адвокат, тәжірибелі заңгер.
Іс-шара БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарын іске асыру аясында ұйымдастырылып, «Сапалы білім / Quality Education» (SDG 4) және «Бейбітшілік, әділеттілік және тиімді институттар / Peace, Justice and Strong Institutions» (SDG 16) бағыттарына сәйкес өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – студенттерді Алаш қозғалысы қайраткерлерінің құқықтық қызметімен таныстыру, олардың қазақ мемлекеттілігін қалыптастыру жолындағы тарихи рөлін түсіндіру және құқықтық ой-сананың дамуына қосқан үлесін насихаттау.
Талқылау барысында кітаптың мазмұны мен негізгі мақсатына ерекше назар аударылды. Қытайтану кафедрасының аға-оқытушысы А.Е.Керімбай қатысушыларға кітапта қарастырылған Алаш зиялыларының қазақ құқықтық көзқарастары, олардың заң үстемдігін орнатудағы ұстанымдары, ұлттық автономия идеясын қорғаудағы қызметі туралы баяндама жасады. Оның пікірнші қазіргі қазақ қоғамында ұлттық құқықтық тұлғаларды кеңінен таныту, олардың тарихи рөлін бағалау және насихаттау – уақыт талабы. Сонымен қатар, кітап бүгінгі ұрпақтың тарихты тануына маңызды үлес қосатын ғылыми-танымдық еңбек ретінде бағаланды.
Студенттер өз кезегінде қазақ құқықтық тарихының маңызды кезеңдері туралы тың мәліметтермен танысты. Мұндай академиялық кездесулер жастардың тарихи санасын қалыптастыруға, ұлттық құқықтық мұраны тереңірек түсінуге және ғылыми қызығушылығын арттыруға ықпал етеді.

Басқа жаңалықтар