«Қаржы секторындағы Data Analytics: кәсіби құзыреттер және еңбек жауапкершілігі» (ТДМ 17 – Тұрақты даму мақсаттары үшін әріптестік)Farabi University

«Қаржы секторындағы Data Analytics: кәсіби құзыреттер және еңбек жауапкершілігі» (ТДМ 17 – Тұрақты даму мақсаттары үшін әріптестік)

19 ақпан, 2026

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект факультеті, «Жасанды интеллект және Big Data» кафедрасында «Қаржы секторындағы Data Analytics: кәсіби құзыреттер және еңбек жауапкершілігі» тақырыбында тәжірибелік бағыттағы кездесу өтті.

Іс-шара БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының 17-мақсаты – «Тұрақты даму мақсаттары үшін әріптестік» аясында ұйымдастырылып, университет пен бизнес қауымдастығы арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайтуға бағытталды.

Кездесудің спикері – Halyk Bank өкілі Бимурат Мұхтар. Спикер қаржы секторындағы деректерді талдаудың маңыздылығы, заманауи аналитикалық құралдар және еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіби дағдылар туралы жан-жақты ақпарат берді.

Кездесу барысында келесі бағыттар талқыланды:

  • қаржылық деректерді талдау және оларды интерпретациялау;

  • BI және аналитикалық құралдарды қолдану;

  • тәуекелдерді бағалау және болжау модельдерін әзірлеу;

  • деректер негізінде басқарушылық шешімдер қабылдау;

  • кәсіби жауапкершілік пен корпоративтік этика.

Іс-шара «Интеллектуалды басқару жүйелері» және «Деректер туралы ғылым» білім беру бағдарламаларының студенттерінің қатысуымен өтті.
Куратор-эдвайзер – Дуйсембаева Лаура Сериковна.

Аталған кездесу ЦУР 17 қағидаттарына сәйкес жоғары білім беру жүйесі мен қаржы секторы арасындағы серіктестікті дамытуға, білім алушылардың практикалық құзыреттерін арттыруға және олардың кәсіби қалыптасуына ықпал етті.