- Басты бет
- Жаңалықтар
- Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Тұрақты даму мақсаттары аясында көшбасшылық дәріс сағаты өтті
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Тұрақты даму мақсаттары аясында көшбасшылық дәріс сағаты өтті
2026 жылғы 18 ақпанда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті-нің Шығыстану факультетінде Тұрақты даму мақсаттарының 4-ші (Сапалы білім беру) және 17-ші (Тұрақты даму мақсаттары жолындағы әріптестік) бағыттары аясында «Сапалы білім – жарқын болашақ кепілі» тақырыбында көшбасшылық дәріс сағаты өтті.
Аталған іс-шара Түріктану және Шығыс елдерінің тарихы кафедрасының «Шығыстану» және «Шетел филологиясы» білім беру бағдарламасы бойынша білім алатын 2-курс студенттерінің бастамасымен ұйымдастырылды.
Шараның негізгі мақсаты – ақпараттық қоғам мен цифрлық трансформация жағдайында білім беру жүйесінің сапасын арттыру жолдарын жан-жақты талдау. Атап айтқанда, ақпараттық-коммуникациялық технологияларын, жасанды интеллекті, онлайн және гибридті оқыту модельдерін, STEM-білім беру мен цифрлық ресурстарды қолданудың ғылыми-теориялық және педагогикалық негіздерін қарастырып, олардың білім алушылардың зерттеушілік құзыреттілігі мен цифрлық сауаттылығын дамытудағы тиімділігін айқындау.

Көшбасшылық дәріс сағатына Еуразия ғылыми-зерттеу институты мен Анкара Хаджы Байрам Вели университеті қолдау білдіріп, іс-шара серіктестері ретінде белсенді атсалысты.
Бағдарлама аясында білім беру процесінде қолданылатын цифрлық технологияларды талдау, онлайн және гибридті оқыту модельдерін енгізу бойынша әдістемелік ұсыныстар әзірлеу, жасанды интеллекті мен цифрлық білім беру ресурстарын пайдалану мүмкіндіктерін қарастыру, сондай-ақ STEM-білім беру арқылы студенттердің ғылыми-танымдық белсенділігін арттыруға бағытталған жұмыстар жүзеге асырылды.

Іс-шараға кафедра студенттері мен профессор-оқытушылар құрамы, сондай-ақ халықаралық серіктес ұйымдардың өкілдері қатысты. Атап айтқанда, Шығыстану факультеті деканының әлеуметтік-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Н. Шәріпқазы, кафедра меңгерушісі, доцент м.а. А. Халел, аға оқытушылар Ж. Абелдаев пен А. Қырқымбекова, Еуразия ғылыми-зерттеу институты директорының орынбасары Женгизхан Жаналтай және Анкара Хаджы Байрам Вели университетінің профессоры Саваш Шахин дәріс сағатына қатысып, мазмұнды пікірлерімен бөлісті.

Іс-шара барысында куратор А. Қырқымбекова мен студенттер өзекті тақырыптар бойынша презентациялар жасап, сапалы білім берудің ел болашағын қалыптастырудағы стратегиялық маңызын көрсетті.
Аталған көшбасшылық дәріс сағаты университеттің білім беру кеңістігіндегі инновациялық бастамаларды қолдауға және халықаралық әріптестікті нығайтуға бағытталған маңызды қадам болды.
Әбілдаев Ж.
Кыркымбекова А.
Басқа жаңалықтар