«Тұрақты даму және экологиялық жауапкершілік: жастар көзқарасы»
16 ақпан, 2026
Алматы қаласы экология департаментінің басшысы Дінмұхамед Мұхамедғафұрұлы Лесбеков «Тұрақты даму және экологиялық жауапкершілік: жастар көзқарасы» тақырыбында қонақ дәріс өткізді.
Дәріс барысында экологиялық саясаттың қазіргі бағыттары, тұрақты дамудың маңызы және жастардың қоршаған ортаны қорғаудағы рөлі кеңінен айтылды.
Спикер экологиялық жауапкершілікті қалыптастыруда білім мен саналы көзқарастың шешуші екенін атап өтті.
Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, ашық пікір алмасуға мүмкіндік алды.
Іс-шара жастардың экологияға деген қызығушылығын арттырып, белсенді азаматтық ұстаным қалыптастыруға ықпал етті.
Ұйымдастырушы: "Менеджмент" кафедрасы.
Басқа жаңалықтар
10 наурыз, 2026
10 наурыз, 2026