«Қоқысты дұрыс бөлу – біздің қолымызда!» атты эко-челлендж: ҚазҰУ-дағы жаңа бастамаFarabi University

«Қоқысты дұрыс бөлу – біздің қолымызда!» атты эко-челлендж: ҚазҰУ-дағы жаңа бастама

20 ақпан, 2026

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың физика-техникалық факультетінде @recycle.birge қозғалысының өкілі Жандар Жанабілдің қатысуымен мазмұнды дәріс өтті. Бұл шара студенттер арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған.

«Өзіңнен баста» — басты қағида

Дәріс барысында әлемдік деңгейдегі қалдықтар мәселесі және Қазақстандағы қайта өңдеу саласының жай-күйі талқыланды. Пластик, қағаз және шыны бұйымдарының таңбалануы туралы маңызды ақпараттар берілді. Шараның ең маңызды бөлігі — «Қоқысты дұрыс бөлу – біздің қолымызда!» атты эко-челленджінің басталуы болды.

Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ) аясында: Университет қабырғасында мұндай бастамаларды көтеру БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ 12, ТДМ 13) толықтай сай келеді. Бұл — болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік.

Осы игі істің басы-қасында жүрген Алия Сальменоваға (@aliyasalmenova) ерекше алғыс білдіреміз. Біздің ортақ мақсатымыз — таза қоршаған орта мен саналы қоғам!