- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Қоқысты дұрыс бөлу – біздің қолымызда!» атты эко-челлендж: ҚазҰУ-дағы жаңа бастама
«Қоқысты дұрыс бөлу – біздің қолымызда!» атты эко-челлендж: ҚазҰУ-дағы жаңа бастама
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың физика-техникалық факультетінде @recycle.birge қозғалысының өкілі Жандар Жанабілдің қатысуымен мазмұнды дәріс өтті. Бұл шара студенттер арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған.
«Өзіңнен баста» — басты қағида
Дәріс барысында әлемдік деңгейдегі қалдықтар мәселесі және Қазақстандағы қайта өңдеу саласының жай-күйі талқыланды. Пластик, қағаз және шыны бұйымдарының таңбалануы туралы маңызды ақпараттар берілді. Шараның ең маңызды бөлігі — «Қоқысты дұрыс бөлу – біздің қолымызда!» атты эко-челленджінің басталуы болды.
Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ) аясында: Университет қабырғасында мұндай бастамаларды көтеру БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ 12, ТДМ 13) толықтай сай келеді. Бұл — болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік.
Осы игі істің басы-қасында жүрген Алия Сальменоваға (@aliyasalmenova) ерекше алғыс білдіреміз. Біздің ортақ мақсатымыз — таза қоршаған орта мен саналы қоғам!