Қытайтану кафедрасында «Қытай тілі: практикалық тыңдау» пәні бойынша ашық сабақ өттіFarabi University

Қытайтану кафедрасында «Қытай тілі: практикалық тыңдау» пәні бойынша ашық сабақ өтті

20 ақпан, 2026

2026 жылғы 19 ақпанда Шығыстану факультетінің Қытайтану кафедрасында «Аударма ісі» білім беру бағдарламасының 1-курс докторанты Дәнкей Бақнардың педагогикалық практикасы аясында ашық сабақ ұйымдастырылды.

Ашық сабақ «Қытай тілі: практикалық тыңдау» пәні бойынша «Аударма ісі» білім беру бағдарламасының 2-курс студенттеріне өткізілді. Сабақ барысында студенттермен белсенді кері байланыс орнатылып, тыңдалым мәтіндері жан-жақты талданды. Жаңа сөздер мен тілдік бірліктердің мағыналары түсіндіріліп, пән бағдарламасына сәйкес тапсырмалар орындалды. Білім алушылардың тыңдап түсіну дағдыларын жетілдіруге ерекше назар аударылды.

Сабақтың тиімділігін арттыру мақсатында слайд-презентация қолданылып, интерактивті тапсырмалар мен топтық жұмыстар жүйелі түрде ұйымдастырылды. Бұл әдістер студенттердің сабаққа белсенді қатысуына және оқу материалын сапалы меңгеруіне ықпал етті.

Ашық сабаққа Қытайтану кафедрасының меңгерушісі мен кафедра оқытушылары қатысып, сабақтың мазмұны мен өткізілу деңгейіне оң баға беріп, әдістемелік тұрғыда өз ұсыныстарын білдірді.

Іс-шара докторанттың педагогикалық шеберлігін шыңдауға және заманауи оқыту әдістерін тәжірибеде тиімді қолдануға бағытталған маңызды тәжірибе алаңы болды.