Жапонтану бөлімінде қысқы мектептің ашылуы өттіFarabi University

Жапонтану бөлімінде қысқы мектептің ашылуы өтті

19 ақпан, 2026

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Шығыстану факультетінің Қиыр Шығыс кафедрасы, Жапонтану бөлімінде 1–2 курс студенттерінің ұйымдастыруымен Жапонияның Цукуба университеті студенттеріне арналған салтанатты қарсы алу кеші өтті.

Іс-шара қысқы мектеп бағдарламасы аясында тәжірибе алмасу мақсатында келген жапон студенттерін жылы қарсы алып, оларды қазақ халқының мәдениеті мен дәстүрімен таныстыруға бағытталды.

Кеш барысында жергілікті студенттер ұлттық өнерді паш етіп, қазақтың «Қара жорға» биін билеп, «Сылқылдақ» қыздар биін орындады. Сонымен қатар, «Кеңес» күйі орындалып, өзге де шығармашылық нөмірлер ұсынылды.

Мерекелік кеш достық әрі жылы атмосферада өтіп, екі ел жастары арасындағы мәдени байланыстарды нығайтуға ықпал етті.