2026 ж. ақпанның 21 жұлдызында шетел тілдері кафедрасының оқытушылары Ә.К. Шаяхмет, А.А. Джанузакова, М.С. Әлмұғамбетова университеттің Біріккен Ұлттар Ұйымымен ынтымақтастық және тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу жобасын жүзеге асыру аясында «Жауапты тұтыну және өндіріс» атты дөңгелек үстел өткізді. Ағылшын тілінде өткізілген іс-шараға шақырылған спикер ретінде ағылшын тілін басқа тілде сөйлеушілерді оқыту (TESOL) саласындағы тәжірибелі оқытушы және белгілі америкалық жануарлар мен қоршаған ортаны қорғаушы профессор Дебора Уолкер ханым (АҚШ, Калифорния) қатысты. Ағылшын тілін B2 деңгейінде оқитын студенттер А. Құлажан, А. Ерсаин, А. Әділ, А. Жиекбай, Н. Үсенбаев, А. Нухов, А. Саликбаев өздерінің презентацияларын ұсынды. Р. Мұрзағали, Е. Базарбай тақырыпқа сай заманауи видео түсіріп, ақпараттарын жеткізді. І. Жеңіс пен С. Табынбаев АҚШ-тың Миссури, Виргиния, Нью Джерси штаттарынан және Ауғанстаннан келген студенттердің пікірлерін сұрап, видеоларын таныстырды. А. Куандыкова мен Б. Әбдікәрім өз видеоларында америкалық Бостон университеті және Массачусетс студенттерімен, сонымен қатар Жапонияның София университеті және Токио шетел зерттеулері университетінің студенттерімен сұхбат жүргізді. К. Азаматқызы мен Ә. Серік Kahoot ойыны арқылы жауапты тұтыну тақырыбын бекітті. Бірінші курс студенттері күнделікті өмірде не істеуіміз керек, Қазақстанда жауапты тұтынушы болу жолдарын іске арттыруының қажеттілігін бір дауыспен айтты. Қатысушылар Біріккен Ұйымы 12-і тұрақты даму мақсатына арнап, өз қолдарымен жасалған түрлі-түсті постерлерін әкеліп, өз қолдауларын көрсетті.
Басқа жаңалықтар