- Басты бет
- Жаңалықтар
- Қиыр Шығыс кафедрасы студенттері Оңтүстік Кореядағы академиялық ұтқырлық тәжірибесімен бөлісті
Қиыр Шығыс кафедрасы студенттері Оңтүстік Кореядағы академиялық ұтқырлық тәжірибесімен бөлісті
2026 жылғы 20 ақпанда Шығыстану факультетінің Қиыр Шығыс кафедрасының студенттері 1–2 курс білім алушыларына арналған танымдық іс-шара өткізді. Кездесудің негізгі ұйымдастырушылары — академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Оңтүстік Корея университеттерінде білім алып келген 3 курс студенттері.
Іс-шара барысында студенттер шетелде оқу тәжірибесімен бөлісіп, Сукмён университеті, Донгук университеті және басқа да жоғары оқу орындарын таныстырды. Олар Кореядағы білім беру жүйесінің ерекшеліктері, академиялық орта және студенттік өмір туралы айтып, қатысушылардың үлкен қызығушылығын тудырды.
Сонымен қатар, кездесуде Кореядағы шығыс күнтізбесі бойынша Жаңа жыл — Сольналь мерекесіне ерекше назар аударылды. Студенттер мерекенің мәні мен дәстүрлері жайлы қысқаша ақпарат берді. Іс-шара соңында шағын викторина ұйымдастырылып, белсенді қатысқан студенттерге естелік сыйлықтар мен жүлделер табысталды.

Басқа жаңалықтар