«Цифрлық әлемдегі қаржылық қауіпсіздік» тақырыбындағы кураторлық сағатFarabi University

«Цифрлық әлемдегі қаржылық қауіпсіздік» тақырыбындағы кураторлық сағат

21 ақпан, 2026

2026 жылғы 21 ақпанында филология факультетінде «Цифрлық әлемдегі қаржылық қауіпсіздік: алаяқтық, онлайн-төлемдер, деректерді қорғау (фишинг, скам, банк карталары)» тақырыбында кураторлық сағат өткізілді.

Іс-шара куратор-эдвайзер А.Б. Рысбаеваның жетекшілігімен «Орыс тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының 2-курс студенттерімен ұйымдастырылып, өткізілді.

Іс-шараның мақсаты – студенттердің цифрлық ортада қауіпсіз әрекет ету дағдыларын қалыптастыру, қаржылық сауаттылығын арттыру және интернет-алаяқтықтың алдын алу.

Кураторлық сағат барысында студенттер кең таралған алаяқтық түрлері туралы ақпараттық материалдар дайындап, таныстырды. Атап айтқанда, фишингтік хаттар, «банк қызметкерлері» атынан жасалатын қоңыраулар, күмәнді сілтемелер және онлайн-төлемдер кезіндегі қауіптер қарастырылды. Жеке деректерді қорғау және банк карталарын қауіпсіз пайдалану мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Талқылау белсенді форматта өтті: білім алушылар нақты өмірлік жағдайларды талдап, жеке тәжірибелерімен бөлісіп, қаржылық тәуекелдердің алдын алу жолдарын ұсынды.

Кураторлық сағат студенттердің цифрлық кеңістіктегі қаржылық операцияларға жауапкершілікпен қарауын қалыптастыруға және олардың цифрлық сауаттылығын арттыруға ықпал етті.