Мамандығым – азығым
Мамандығым – азығым. Қойшыны таяғы асырайды, қасқырды аяғы асырайды. Мамандыққа байланысты бұл мақал журналистке де тікелей байланысты. Қалыптасып қалған «журналисті аяғы асырайды» деген пікірге сүйенсек мұндағы қасқыр журналистің нақ өзі. Әрине, оның негізгі құралы тіл. Бірақ ақпаратсыз, дерексіз жұмысы мардымсыз болады да қалады. Ал ақпарат бір орында отырғаннан шыға қоймайды. Оны аң аулауға шыққан қасқырдай аңдып жүріп іздейсің. Сондықтан да журналистің наны аяғы екендігіне келіспесек болмас. Сонымен осыншалықты еңбекқорлықты, қабілетті және білімді талап ететін аталмыш мамандықтың иесі болу үшін не істеу қажет? Бәріне кезекпен тоқталайық. Ең бірінші кезекке адамның өзіндік қасиеттерін қойған дұрыс. Халық арасында «болымсызға болыспа» деген жақсы сөз бар. Мұнда да осы жағдай. Адам екі ауыз сөздің басын біріктіре алмаса немесе бір жерге барып ақпарат алып келе алатындай пысықтығы, өзге адамдармен тіл табыса ала-алатындай қасиеті болмаса бәрі бос әурешілік. Ол адамға репортаждың қалай жасалатындығын, мақала қалай жазылатындығын түсіндіріп болмайсын. Әрине, аюға таяқ намаз оқытқандығын еске алсақ болар еді. Бірақ журналистика салмағы үлкен мамандық. Халық пен билік өкілдерін байланыстырушы, бұқараның көзін ашушы, көңілін көтеруші, қысқасы халықпен тікелей жұмыс жасайтын бірден бір мамандық. Сондықтан бойында жоғарыда аталған қабілеттер болмаса, ол адамның журналист боламын деп терлемей-ақ қойғаны дұрыс. Екіншіден бұл мамандыққа келемін деген азамат үнемі өзімен-өзі жұмыс жасауы керек. Журналист қай салада жүрсе де осыны есте ұстағаны абзал Өзін-өзі ұстауы, сөйлеу шеберлігі. Сонымен қоса ақпаратпен толық қамтамасыз болуы, білімінің тереңдігі. Аталғандардың барлығы үлкен еңбекпен келеді. Қарапайым репортер, корреспонденттер, PR мамандар, пресс-хатшылар т.с.с. Ол халықпен тікелей байланысқа шығатын жүргізуші болса, онда жауапкершіліктің салмағы тіптен арта түседі. Сонымен журналист болған соң көзі ашық көкірегі ояу адам болғаны абзал. Үшіншіден ЖОО. Кез-келген мамандықты таңдасаңыз да жоғарғы оқу орының тәмәмдаған сауатты маман болғаны дұрыс. Дипломын алып, сандықтың түбіне салып қойып, өзі өзге қызметте жүретін заманда мамандық бойынша жұмыс жасау кәдімгідей бағаланатын дүние болып кетті. Журналистика да осы тенденциядан алыс кетпеді. Физиктер, математиктер, тарихшылар мен саясаттанушылардың арасында филологтарды көрсең қайта қуанасын. Сондықтан журналист боламын деген азамат журналистика факультетінің дипломын алған абзал. Бүгінде еліміздегі ҚазҰУ, ЕНУ, IT, сонымен қоса, ҚарМУ, ҚызМУ сынды университеттерді ерекше атап өтуге болады. Бұлардың әрбірінің жақсы маман дайындап шығара алатындай қауқары бар. Бірақ ерекше етіп ҚазҰУ-дың журналистика факультетін атап өтейік. Себебі Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультеті Қазақстандағы журналистер дайындайтын бірден-бір жетекші оқу орны. ТМД елдері бойынша ең ірі факультеттердің бірі. 75 жылдық өзіндік тарихы бар факультет осы күнге дейін БАҚ-тың түрлі салаларына 16 мыңнан астам жоғары сапалы мамандарды даярлап, әлі де өз қызметін жалғастырып келеді. Факультетте баспа ісі және редакциялау, баспасөз және электронды БАҚ кафедрасы, ЮНЕСКО. халықаралық журналистика және қоғаммен байланыс кафедралары бар. Алғашқы екі кафедра қандай кадрларды даярлайтындығы көпшілікке мәлім болса, соңғысымен онша таныс емес. Сондықтан бірер ауыз айта кетейік. Аталмыш кафедраның түлектері: - халықаралық журналистер; - шет ел БАҚ-тарының журналистері; - шетел хабарларының редакторлары. - журналистика бизнесі үшін; - БАҚ менеджерлері; - экономист-журналист; - продюссерлер; - жарнама агенттері; - Паблик Рилейшнз мамандары, - баспасөз орталықтары және баспасөз қызметі компаниялары мен корпорация қызметкерлері болып шығады. Бүгінгі заман ағымы дәл осы мамандарды талап етеді. Сондықтан жоғарыдағы тізімнің біріне іліксеңіз, жоғарғы сұранысқа ие бірден бір маман болғаныңыз. Сондықтан мамандық таңдағанда жан-жақты саралап, бүгінгінің сұранысын зерделеп, жан-жағыңа көз жүгіртіп алған абзал. Қалталы боламын дегендер экономист пен юрист мамандығын игеретін заман қалуы тиіс. Сондықтан әрбір адам өз қабілетіне, мүмкіндіктеріне және жан-жағына қарап барып мамандығын таңдағаны өзіне де өзге ге де пайдалы. Қорытындымды «Өзін сүйіп жасайтын мамандықты таңдсаң, бір күн де жұмыс істемейсің» деген ұлы Конфуцийдің сөзімен жасағанды жөн санадым. Бәрін біл, қара, таразыла, сонымен қоса өзіңнің сүйген ісіңнен бас тартпа. Журналист боламын дедің бе? Бол!