Сирек кездесетін жыртқыш құстарды экологиялық білім беру және экожүйені қорғау элементі ретінде зерттеуFarabi University

Сирек кездесетін жыртқыш құстарды экологиялық білім беру және экожүйені қорғау элементі ретінде зерттеу

12 ақпан, 2026

2026 жылғы 12 ақпанда «Орнитология» пәнін оқу аясында «6B05110 – Зоология» білім беру бағдарламасының 3-курс студенттеріне арналған Алматы қаласындағы Сункар жыртқыш құстар тәлімбағына аудиториядан тыс сабақ өткізілді. Іс-шара БҰҰ ТДМ №4 «Сапалы білім» және №15 «Құрлық экожүйелерін сақтау» мақсаттарын жүзеге асыру аясында ұйымдастырылды.

Іс-шараның ұйымдастырушысы — зоология, гистология және цитология кафедрасының аға оқытушысы, ҚР Институт зоологии РК Орнитология және герпетология зертханасының кіші ғылыми қызметкері Екатерина Валерьевна Акентьева.

Сабақ барысында студенттер тәлімбақта ұсталатын Қазақстанның сирек және жойылып бара жатқан жыртқыш құс түрлерімен танысты:

  • Ителгі (Falco cherrug)

  • Дала қыраны (Aquila nipalensis)

  • Бүркіт (Aquila chrysaetos)

  • Қарақұс (Aquila heliaca)

  • Тазқара (Aegypius monachus)

  • Сақалтай (Gypaetus barbatus)

  • Құмай (Gyps himalayensis)

  • Үкі (Bubo bubo)

Экскурсия барысында Қазақстандағы жыртқыш құстар популяциясының қазіргі жай-күйі, оларды шектейтін факторлар (мекен ету ортасының антропогендік өзгеруі, браконьерлік, электр желілерінде қырылу, қоректік улану), сондай-ақ жыртқыш құстардың табиғи экожүйелердегі экологиялық-функционалдық рөлі қарастырылды.

Сонымен қатар сирек түрлерді сақтаудың маңызды тетіктерінің бірі — реинтродукция ұғымына ерекше назар аударылды. Студенттер тәлімбақ қызметінің негізгі мақсаттары мен міндеттерімен танысты: сирек сұңқар тәрізділерді бақыланатын жағдайда көбейту, генофондты сақтау, дараларды табиғи ортаға жіберуге дайындау және халықаралық табиғатты қорғау бағдарламаларына қатысу.

Көшпелі сабақ «Орнитология» пәнінің теориялық материалын биоалуантүрлілікті сақтаудың практикалық бағыттарымен ұштастыруға, білім алушылардың кәсіби құзыреттерін кеңейтуге және сирек құстарды қорғаудың қолданбалы механизмдерін түсінуге мүмкіндік берді.

Іс-шара жоғары білім беру ұйымдары мен ғылыми мекемелердің өзара ықпалдастығы Қазақстанның биоалуантүрлілігін сақтауда маңызды рөл атқаратынын көрсетті.

 

Зоология, гистология және цитология кафедрасының аға оқытушысы

Акентьева Екатерина Валерьевна

 

#SDG #SustainableDevelopment #KazNU #SDG_KazNU #SustainableKazNU