- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Таза Қазақстан: шетелдік студенттің Алматы қаласындағы тазалық пен тәртіпке көзқарасы»
«Таза Қазақстан: шетелдік студенттің Алматы қаласындағы тазалық пен тәртіпке көзқарасы»
Тәрбие жұмысы жоспарына сәйкес 6B01703 «Орыс тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының 3-курс студенттерімен «Таза Қазақстан: шетелдік студенттің Алматы қаласындағы тазалық пен тәртіпке көзқарасы» тақырыбында тәрбиелік іс-шара экскурсия форматында өткізілді. Іс-шараның ұйымдастырушысы –оқытушы Қайратқызы Динара.

Іс-шараның мақсаты – студенттердің экологиялық мәдениетін қалыптастыру, азаматтық жауапкершілігін арттыру, қоршаған ортаға саналы көзқарас тәрбиелеу, сондай-ақ болашақ педагогтердің кәсіби дүниетанымын дамыту. Іс-шара барысында студенттер университет аумағы мен Алматы қаласының қалалық ортасының тазалығы мен абаттандырылу деңгейіне бақылау жасап, қоғамдық орындардағы тәртіп пен санитарлық жағдай мәселелерін талдады.
Экскурсия және кейінгі талқылау барысында білім алушылар қалалық ортаның жағдайына қатысты өз пікірлерін білдіріп, қоғамдық кеңістіктердегі тазалықты сақтау әр азаматтың жауапкершілігі екенін атап өтті. Сонымен қатар жастардың «Таза Қазақстан» бастамасын жүзеге асырудағы рөлі және қоғамдағы экологиялық сананы қалыптастыру мәселелері қарастырылды.
Болашақ орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері ретінде студенттер тазалық пен тәртіп мәселесін білім беру үдерісінің тәрбиелік әлеуеті тұрғысынан да талқылап, сөз мәдениеті, жеке үлгі және педагогикалық ықпал арқылы құндылықтарды қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті.
Өткізілген тәрбиелік іс-шара студенттердің аналитикалық ойлау қабілетін дамытуға, коммуникативтік дағдыларын жетілдіруге, азаматтық ұстанымын нығайтуға және кәсіби жауапкершілігін қалыптастыруға ықпал етті. Іс-шараның мақсаты мен міндеттері толық көлемде орындалды.
Басқа жаңалықтар