Ғылымдағы әйелдер мен қыздардың халықаралық күні – ТДМ 4, ТДМ 5 аясында
2026 жылдың 16 ақпанында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Биология және биотехнология факультеті 7М05101 – Биология білім беру бағдарламасының магистранты Турарова Еркежан Мурзабекқызы ББ23-09, ББ23-08, ББ25-11 және ББ25-18 топтарының студенттеріне Ғылымдағы әйелдер мен қыздардың халықаралық күніне орай тәрбие сағаты ұйымдастырды.
Іс-шара биология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, куратор эдвайзер Мамурова Асем Тлеужанқызының жетекшілігімен өтті.
Дөңгелек үстел аясында студенттер университет кампусында ғылымдағы әйелдердің көшбасшылығы, зерттеу жобаларындағы гендерлік теңдік, жас қыздардың ортаға бейімделуі, халықаралық тәжірибе мен ынтымақтастық мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Ғылым саласындағы әйелдер мен қыздардың жетістіктерін насихаттау, гендерлік теңдікті қолдау, жас қыздардың ғылымға деген қызығушылығын арттыру және табысты әйел-ғалымдардың тәжірибесімен бөлісу.
Ғылымдағы әйелдер мен қыздардың халықаралық күні (11 ақпан) — ғылым, технология, инженерия және математика (STEM) салаларында әйелдер мен қыздардың толық әрі тең қатысуын қамтамасыз етуге бағытталған халықаралық күн.
Аталған күн Біріккен Ұлттар Ұйымы қабылдаған Тұрақты Даму жолындағы екі маңызды мақсатпен тығыз байланысты. Олар:
· ТДМ 4: Сапалы білім - сапалы әрі тең білім беруді қамтамасыз етуге бағытталған. Қыз балалардың ғылым, технология, инженерия және математика салаларына тең қол жеткізуі – осы мақсаттың негізгі көрсеткіштерінің бірі. Білімге тең мүмкіндік – болашақ ғылыми жетістіктердің негізі.
· ТДМ 5: Гендерлік теңдік - гендерлік теңдікті қамтамасыз етуге және әйелдер мен қыздардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған. Ғылым саласында әйелдердің қатысуын арттыру – тек әлеуметтік әділеттілік емес, сонымен қатар ғылыми прогрестің маңызды шарты..jpeg)

📍 Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
📅 16 ақпан 2026 жыл
👥 Ұйымдастырушылар:
7М05101 – Биология білім беру бағдарламасының магистранты Турарова Еркежан Мурзабекқызы, ББ23-07 және ББ23-10 топтарының студенттері
👩🏫 Куратор-эдвайзер:
б.ғ.к., қауымдастырылған профессор Мамурова Әсем Тлеужанқызы
🏛 Ботаника және агроэкология кафедрасы
#ТДМ5 #ТДМ4 #Ғылым #ГендерлікТеңдік #ҚазҰУ #FarabiUniversity #WomenInScience
Ботаника және агроэкология кафедрасы
https://farabi.university/faculty/4
Басқа жаңалықтар