Жасанды интеллект жағдайындағы қаржылық сауаттылыққа шолу және алаяқтықтың алдын алуFarabi University

Жасанды интеллект жағдайындағы қаржылық сауаттылыққа шолу және алаяқтықтың алдын алу

24 ақпан, 2026

2026 жылғы 24 ақпанда Биология және биотехнология факультетінің ББ25-14 және ББ25-15 топтарында «Жасанды интеллект жағдайындағы қаржылық сауаттылыққа шолу және алаяқтықтың алдын алу» тақырыбында ашық кураторлық сағат өтті. Іс-шараны Зоология, гистология және цитология кафедрасының аға оқытушысы Баймурзаев Н.Б. жүргізді.

Кураторлық сағат барысында жасанды интеллекттің қазіргі қоғамдағы рөлі түсіндіріліп, қаржылық сауаттылықтың әр адам үшін маңызды дағды екені атап өтілді. Сонымен қатар интернет-алаяқтықтың жаңа түрлері, олардың жүзеге асу жолдары және алдын алу тәсілдері талқыланды. Әсіресе әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы жасалатын алаяқтық әрекеттерге нақты мысалдар келтіріліп, банк карталары мен жеке деректерді қорғаудың тиімді жолдары көрсетілді.

Сабақ барысында студенттер белсенді қатысып, сұрақтар қойып, өз пікірлерімен бөлісті. Топ старостасы Жанабай Нұрай семинардың мазмұнды әрі өзекті болғанын атап өтті.

Жалпы, ашық кураторлық сағат студенттердің қаржылық қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға және цифрлық ортада алаяқтықтың алдын алу бойынша білімін кеңейтуге ықпал етті. Аталған іс-шара студенттердің қаржылық, цифрлық және құқықтық сауаттылығын арттыру арқылы өмірлік маңызды құзыреттерді дамытуға (ТДМ 4 – Сапалы білім),  жастардың экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, жауапты қаржылық мінез-құлықты дамытуға (ТДМ 8 – Лайықты жұмыс және экономикалық өсу) және  интернет-алаяқтықтың алдын алу және құқықтық мәдениетті нығайту қоғамдағы қауіпсіздік пен сенімділікті арттыруға (ТДМ 16 – Бейбітшілік, әділдік және тиімді институттар) бағытталды.

 

Зоология, гистология және цитология кафедрасының аға оқытушысы

Баймурзаев Н.Б.

#SDG #SustainableDevelopment #KazNU #SDG_KazNU #SustainableKazNU