Таза ауа - таза сана!   Farabi University

Таза ауа - таза сана!   

22 ақпан, 2026
22.02. 2026 ж.   ТДМ-15   Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Журналистика факультетінің 103-тобына  "Тау-Туран" демалыс кешені базасында куратор Ғалия Майкотованың ұйымдастыруымен тимбилдинг өтті. 
Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттер арасындағы ұйымшылдықты арттыру, командалық жұмысты дамыту және өзара сенімді нығайту. Табиғат аясында өткен шара барысында қатысушылар арнайы дайындалған командалық ойындар мен тренингтерге қатысып, топ ішіндегі ынтымақтастықты күшейтуге бағытталған тапсырмаларды орындады.
Тимбилдинг бағдарламасы студенттердің көшбасшылық қабілеттерін айқындауға, жауапкершілік пен өзара қолдауды қалыптастыруға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, бейресми форматтағы мұндай кездесулер оқу үдерісінен тыс ортада еркін пікір алмасуға және шығармашылық белсенділікті арттыруға ықпал етеді.
Шара жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өтіп, студенттерге жағымды әсер қалдырды.