«Қаракөз» трагедиясы – студенттердің рухани танымын кеңейткен театр кешіFarabi University

«Қаракөз» трагедиясы – студенттердің рухани танымын кеңейткен театр кеші

25 ақпан, 2026

11 ақпан күні механика кафедрасының аға кураторы Байсбаева Оралхан және кафедра меңгерушісінің оқу-әдістемелік және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Исмаилова Әсел 1–3 курс студенттерімен бірге Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры сахнасында қойылған «Қаракөз» трагедиясын тамашалады. Шығарманың авторы – қазақ әдебиетінің заңғар тұлғасы Мұхтар Әуезов.

Қойылым студенттердің ұлттық құндылықтар, адамгершілік, махаббат пен тағдыр туралы терең ой түюіне мүмкіндік берді. Театр кеші жастардың рухани дамуына, мәдени көзқарасының кеңеюіне және эстетикалық талғамының қалыптасуына ықпал етті.

Аталған іс-шара БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының 5-мақсаты – гендерлік теңдік (қоғамдағы әйел тағдыры мен құқықтарының көрінісі арқылы) және 16-мақсаты – бейбітшілік, әділдік пен тиімді институттарды дамыту (қоғамдық сана, әділет, адам құқықтары мәселелерін қозғау арқылы) бағыттарына сәйкес жүзеге асырылды.

Исмаилова Асел Женисбековна,

Механика кафедрасының оқу-әдістемелік және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары