Ұлттық өрнек – рухани код: университетте тағылымды кездесуFarabi University
Референдум 15 марта

Ұлттық өрнек – рухани код: университетте тағылымды кездесу

20 ақпан, 2026

 

2026 жылғы 20 ақпанда жоғары оқу орнында студенттерге арналған «Ұлттық өрнек – рухани код» тақырыбында мәдени-ағартушылық кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараның құрметті қонағы – ұлттық сәндік-қолданбалы өнерді зерттеуші, ою-өрнек мәдениетін насихаттаушы Ерлан Қожабаев.

Кездесудің негізгі мақсаты – студенттерге қазақ ою-өрнегінің тарихи негіздерін, символдық мазмұнын және оның заманауи өнер мен дизайндағы қолданылу ерекшеліктерін таныстыру болды. Өз сөзінде Ерлан Қожабаев ұлттық ою-өрнектің тек сәндік элемент емес, халықтың дүниетанымын, рухани құндылықтарын және мәдени жадысын бейнелейтін маңызды көркем жүйе екенін атап өтті.

Іс-шара барысында дәстүрлі өрнектерді заманауи дизайн, сән индустриясы, тоқыма және интерьер кеңістігінде қолданудың өзекті бағыттары талқыланды. Студенттер шығармашылық жобаларда ұлттық ою-өрнекті пайдалану, композициялық шешімдер мен дәстүр мен жаңашылдықты үйлестіру мәселелері бойынша сұрақтар қойып, белсенді пікір алмасты.

Кездесу студенттердің ұлттық мәдени мұраға деген қызығушылығын арттыруға, олардың шығармашылық ойлауын дамытуға және кәсіби бағдарын қалыптастыруға ықпал етті. Сонымен қатар, бұл іс-шара Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттарына сәйкес сапалы білім беру мен мәдени мұраны сақтау бағытындағы маңызды мәдени-ағартушылық бастама болды.

Мәдени іс-шараны ұйымдастырушылар: филология ғылымдарының кандидаты,  қауымдастырылған профессор Балтымова Мира Рашидқызы,  философия  ғылымдарының докторы, профессор Масалимова Алия Рмғазықызы, «Мәдениеттану»  білім беру бағдарламасының   2-курс докторанты Тулақбаева Қызғалдақ Жақсылыққызы.