"Қаржы және есеп" кафедрасының жұмыс берушісінің Жаңа Салық кодексі тақырыбында көшбасшылық дәрісіFarabi University
Референдум 15 марта

"Қаржы және есеп" кафедрасының жұмыс берушісінің Жаңа Салық кодексі тақырыбында көшбасшылық дәрісі

20 ақпан, 2026

2026 жылғы 20 ақпанда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Экономика және бизнес жоғары мектебінің «Қаржы және есеп» кафедрасының жұмыс берушісі, Amwey Central Asia компаниясының бас бухгалтері Нурпеисова Самал Куанышевна Алматы мемлекеттік бизнес колледжінің экономикалық мамандықтары студенттеріне «Жаңа Салық кодексі» тақырыбында көшбасшылық дәріс өткізді.

Аталған іс-шара университеттің жұмыс берушілермен әріптестікті нығайту, тәжірибеге бағытталған оқытуды дамыту және техникалық және кәсіптік білім беру (ТжКБ) ұйымдарымен өзара әрекеттестікті кеңейту бойынша жүйелі жұмысы аясында ұйымдастырылды.

Дәрістің мақсаты студенттерді салық заңнамасындағы өзекті өзгерістермен таныстыру және ұйымдар қызметінде жаңа Салық кодексі нормаларын қолдану тетіктері туралы тәжірибелік түсінік қалыптастыру болды. Қаржы жүйесінің серпінді трансформациясы және бизнестің ашықтығына қойылатын талаптардың күшеюі жағдайында салықтық әкімшілендіру және қаржылық есеп саласында заманауи білімге ие мамандарды даярлау ерекше маңызға ие.

Өз сөзінде Самал Куанышевна салық заңнамасындағы негізгі өзгерістер мен жаңашылдықтарды, оның ішінде салықтық әкімшілендіру ерекшеліктерін, салық есептілігін қалыптастыру және ұсыну тәртібін, сондай-ақ салық төлеушілердің жауапкершілігі мәселелерін жан-жақты қарастырды. Сонымен қатар Салық кодексіндегі өзгерістердің компаниялардың қаржылық тұрақтылығына әсері және ұйымдардың есеп саясатын жаңа заңнамалық талаптарға уақтылы бейімдеу қажеттілігіне ерекше назар аударылды.

Дәрістің тәжірибелік бағыттылығы студенттерге бухгалтерлік есеп және салық саласы мамандарының нақты қызметінде кездесетін міндеттер туралы түсінік алуға мүмкіндік берді. Спикер бухгалтерлік есепті ұйымдастыру, салықтық жоспарлау және салықтық тәуекелдерді басқару мәселелерін қамтитын кәсіби тәжірибесінен алынған практикалық кейстерді ұсынды. Сонымен қатар есептілік дайындау барысында жиі жіберілетін қателіктер және оларды болдырмаудың тиімді тәсілдері қарастырылды. Бұл студенттердің аналитикалық ойлауын дамытуға және өзгермелі нормативтік орта жағдайында кәсіби шешім қабылдау дағдыларын қалыптастыруға ықпал етті.

Дәрістің интерактивті бөлімі қатысушылардың ерекше қызығушылығын тудырды. Студенттер салық заңнамасын тәжірибеде қолдану, қаржы саласы мамандарына қойылатын заманауи талаптар және халықаралық компаниядағы бухгалтердің кәсіби қызмет ерекшеліктері туралы сұрақтар қою мүмкіндігіне ие болды. Мұндай формат студенттердің кәсіби мотивациясын арттыруға және олардың болашақ мансаптық мүмкіндіктері туралы нақты түсінік қалыптастыруға ықпал етеді.

Бизнес өкілдерінің қатысуымен өткізілетін көшбасшылық дәрістер әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің білім беру, ғылым және практиканы интеграциялау стратегиясын іске асырудың маңызды элементі болып табылады. Мұндай іс-шаралар білім беру сапасын арттыруға, студенттердің кәсіби құзыреттерін дамытуға және жұмыс берушілермен ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді. Практик-мамандарды оқу процесіне тарту еңбек нарығының заманауи талаптарына сәйкес өзекті білім мен тәжірибені жеткізуді қамтамасыз етеді.

Аталған бастама университеттің қоғам мен экономиканың қажеттіліктеріне бағытталған сапалы білім беру қағидаттарына бейілділігін көрсетеді. Жұмыс берушілермен өзара әрекеттестікті нығайту қазіргі қаржы жүйесі жағдайында тиімді жұмыс істей алатын және ел экономикасының тұрақты дамуына үлес қоса алатын бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауға мүмкіндік береді.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті нақты экономика секторындағы ұйымдармен әріптестік қатынастарды жүйелі түрде дамытып, академиялық білім мен практикалық тәжірибені біріктіруді қамтамасыз етеді.

Осындай бастамаларды іске асыру университет пен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының жұмыс берушілермен өзара байланысын нығайтуға, тәжірибеге бағытталған оқытуды дамытуға және еңбек нарығында сұранысқа ие мамандарды даярлауға ықпал етеді.