«Ғылым мен руханият тоғысындағы әйел тұлғасы: құндылық және құрмет»
2026 жылғы 25 ақпанда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Философия және саясаттану факультеті, Педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының ұйымдастыруымен «Ғылым мен руханият тоғысындағы әйел тұлғасы: құндылық және құрмет» атты халықаралық дөңгелек үстел өтті.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Бірінші проректоры Е.Э. Дүйсенов іс-шара мақсаты- ғылым мен руханияттағы әйел тұлғасының маңызын ашу және оның қоғамдағы рөлін көрсету деді. Дөңгелек үстелге ҚР жоғары оқу орындарының ғалымдары мен білім беру ұйымдарының басшылары және шетелдік жоғары оқу орындарының өкілдері, Burgas Free University (Болгария) доценті Derizhan Itska (онлайн), University of Massachusetts Dartmouth (АҚШ) зерттеушісі Shakhnoza Kayumova (онлайн) және басқа да танымал ғалымдар қатысып, мазмұнды баяндамалар жасалды.
Пленарлық отырыс барысында әйел тұлғасының ғылым мен қоғамдағы орны, ұлттық құндылықтарды сақтау мен дамытудағы рөлі, жас ұрпаққа рухани-адамгершілік тәрбие беру мәселелері кеңінен талқыланды. Баяндамашылар әйел тұлғасының ғылыми-интеллектуалдық әлеуеті мен рухани құндылықтарды сақтаудағы маңызын атап өтті.
Іс-шара қорытындысы бойынша ғылым мен білім беру саласында әйелдердің ғылыми әлеуетін қолдау, халықаралық ғылыми ынтымақтастықты дамыту, ұлттық рухани құндылықтарды дәріптеу және жас ұрпаққа сапалы тәрбие беру бағытында ұсыныстар қабылданды.
Дөңгелек үстелді Педагогика және білім беру менеджменті кафедрасы ұйымдастырды.
Басқа жаңалықтар