Таза кампус – әркімнің жауапкершілігі
23 ақпан, 2026
2026 жылғы 23 ақпанда Е. Ергожин атындағы Ғылыми кеңес мәжіліс залында «Таза кампус – әркімнің жауапкершілігі» тақырыбында ашық дәріс өтті.
Іс-шара республикалық Таза Қазақстан бастамасы аясында ұйымдастырылып, студенттердің экологиялық мәдениетін қалыптастыруға бағытталды. Спикер ретінде Ecosen компаниясының жоба менеджері Абылқасымова Далия Анварбекқызы сөз сөйледі. Кездесу барысында студенттер қалдықтарды бөлек жинаудың негіздерімен, саналы тұтыну қағидаларымен танысып, таза әрі жайлы білім беру ортасын қалыптастыруға әрқайсысы қалай үлес қоса алатынын білді.
Іс-шараны ОЗТҚП ХжТ кафедрасының оқытушылары: доценттер Уркимбаева П.И., Кенесова З.А., аға оқытушылар Махаева Д.Н. және Аликулов А.Ж ұйымдастырды. Сонымен қатар, іс-шараға әлеуметтік және тәрбие жұмыстары жөніндегі декан орынбасары Жақсылықова Г.Ж. қатысып, экологиялық ағартушылық бастаманы қолдады.
Тазалық әрқайсымыздан басталады. Саналы тұтынуды қалыптастырып, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау өз қолымызда.
Іс-шара 12-ші ЦУР «Жауапты тұтыну және өндіріс» мақсаттарын іске асыруға үлес қосады және тұрақты даму қағидаттарын насихаттауға бағытталған.
Басқа жаңалықтар
1 наурыз, 2026
1 наурыз, 2026
1 наурыз, 2026