ECONOMICS.KAZGAZETA.KZ

11 мамыр, 2016

Мемлекеттік аудит жүйесін іске асыру – ел экономикасын дамытудың күре жолы

Мемлекеттік аудит жүйесін іске асыру – ел экономикасын дамытудың күре жолы. Соңғы жылдарда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дегі «Есеп және аудит» кафедрасының ғылыми-инновациялық іс-әрекетінің дамуында үлкен жұмыс атқарылған. 2015-2016 оқу жылы бойынша ғылыми-педагогикалық бағыттағы магистранттардың ғылыми-зерттеу шараларымен айналысу үшін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен көптеген ұйымдар арасында келісім-шарттар бекітілген. Соның бірі – мемлекеттік мекемелермен мемлекеттік бағдарламалардың іске асуы бойынша зерттеу жұмысының құқықтық актілер бойынша орындалу барысын бағалаудың маңызын ашу және оны жетілдіру. Тоқтала кететін болсақ, Елбасымыз «100 нақты қадамның» 93-інші қадамы «аудит пен мемлекеттік аппарат жұмыстарын бағалаудың жаңа жүйесін енгізу» бойынша бірқатар тапсырмалар берген болатын. Яғни, жүктелген тапсырмаларға сәйкес мемлекеттік бағдарламалардың іске асуын бағалау үш жылда бір рет жүргізу қажеттілігін айқындаған. Сондықтан кез келген ұйымның бюджеттен бөлінген қаражатын пайдалану нәтижелілігін бағалау стратегиялық жоспарлар бойынша жылма-жыл жүзеге асырылады.  «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» жаңа заң қабылдануы және оның нормалары 2016 жылдың қаңтарынан бастап іске аса бастауы ел экономикасының даму жолдарының басымдығын айқындайды. Бүгінгі күні осы шаралар аясында қолданыстағы стандарттарға сәйкес мемлекеттік аудит жүргізу тәртібі мен қаржылық бақылау ұйымдастыру жолдарын шешу ғылыми тұрғыда және Қазақстанның ДСҰ аясында, сонымен қатар Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының мүше мемлекеттерінің тәжірибесіне негізделіп жүргізілу талап етіледі. Демек, заңда көрсетілген мемлекеттік аудит түрлері бойынша тиімділік, есептілік және сәйкестік аудитіне бөлінеді. Оның ішінде мемлекеттік аудиттың өзі сыртқы және ішкі аудитке жіктелу себебі, бұған дейін қаржылық бақылау жұмысы заң бұзу әрекеттерін ашуға бағытталса, жаңа мемлекеттік аудит бұзушылықтарды жойып қана қоймай, қаржы саласындағы орын алған кателіктердің алдын алуға, заңды бұрмалауды барынша азайтуға ықпал етеді. Осылайша, заңда белгіленген жаңа стандарттар мен жүйелерді  ережелерге сәйкес ҚР Қаржы министрлігі мен Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті тарапынан жүзеге асуда. Мәселен, ҚР Қаржы министрлігінде жаңа институт – камералдық бақылау жүйе­сі енгізілді. Бақылаудың бұл түрі – ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті ор­ганның мемлекеттік аудит объектілеріне бармастан, бюджеттік және құқық бұзушы­лықтардың іс әрекетіне жол бермеуге ба­ғытталған ақпарат көздерін қолдану ар­қылы жүргізіледі. Демек, камералдық ба­қылау қызметі объектілерге бармастан жүргізілетіндіктен, мемлекеттік аудит нысандарына әкімшілік жүктеме төмендейді. Екіншіден, камералдық бақылауды жүзеге асырған кезде уәкілетті орган ешқандай да іс-сапарлық шығыстарды көтермейді. Бұдан бөлек, тексеру-бақылау барысында  жеке тұлғалардың өз мүдделерін қорғау фактілері жойылады. Осының нәтижесінде заң бұзушылықтарды анықтау және жоюға байланысты ұйымдастырушылар мен тапсырыс берушілердің заңсыз әрекетіне арыз-шағымдар саны азаюы тиіс. Осылай тұжырым жасаған «Есеп және аудит» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы аян­бай еңбек ете отырып, мемлекеттік аудиттің оқу бағ­дарламасында қарастыру қажеттігін ескере отырып арнайы бағдарлама дайындады. Одан өзге аудит және есеп жүргізуді қаржылық есептіліктің халықаралық стан­дарттар бойынша жүргізумен байла­нысты 6 авторлық куәлік алды. Тағы да, кафедра ұжымымен 2 монография, ҚР БЖҒМ-нің грифімен 1 оқулық, 9 оқу құралы шығарылған. 2015 оқу жылында – БҒСБК ұсынған 54 мақала жарияланды, 15 оқытушы шетелдік халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларға қатысқан. Мемлекеттік аудит пен қаржылық ба­қылау бойынша қабылданған заң талаптарын орындау мәселелерін шешу жолдарын қарастыру мақсатында кафедрада «Жас аудитор», «Жас есепші» және «Талдаушылар» атты 3 үйірме жұмыс істейді және 17 магистрант шетелде тағылымдамадан өтті. Осылайша, ҚазҰУ-де оқытушылар мен студенттердің ғылыми-инновациялық қыз­меттерін дамыту үшін және үкімет тара­пынан қарастырылып қабылданған құ­қықтық-нормативтік актілердің орындалу және оны қызметте пайдалануда барлық жағдай жасалған. Тұтастай алғанда, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында Мемлекет басшысы бюд­жет саясатын трансформациялау үде­рістеріне ықпал етуге мейлінше мән бе­ріп отыр. Осы тұрғыдан алғанда, Ұлт Жоспарының тұтастай қадамдарын сапалы іске асыру мемлекеттің орнықты дамуын қамтып, халықаралық нарықтық қа­тынастар жолына түсуін қамтамасыз етуге болатындығын ғылыми тұрғыда зерттеген оқытушы-профессорлар құрамы нық сеніммен айта алады.

А.БЕЙСЕНБАЕВА, Э.АҚТӨРЕЕВА