ТДМ 4 «Сапалы білім»Farabi University
Референдум 15 марта

ТДМ 4 «Сапалы білім»

26 ақпан, 2026

Тұрақты даму мақсаты №4 «Сапалы білім» аясында оқытушы Мереке Сабыржановна журналистика факультетінің бірінші курс студенттерімен («Кино және медиа» мамандығы) бірге кинофильмдер мен мультфильмдердегі образдарды талдауға арналған тақырыптық сабақ өткізді.

Сабақ барысында білім алушылар экран кейіпкерлерін жасаудың ерекшеліктерін қарастырып, олардың мінез-құлқын, мотивациясын және шығарманың негізгі идеясын ашудағы рөлін талдады. Көркемдік құралдарға — визуалды детальдарға, кейіпкерлердің сөйлеу мәнеріне, музыкалық сүйемелдеуге және режиссерлік тәсілдерге ерекше назар аударылды.

Студенттер талқылауға белсенді қатысып, танымал фильмдер мен анимациялық туындылардан мысалдар келтірді, өз көзқарастарын дәлелдеуге және медиамәтінге сыни талдау жасауға үйренді. Сабақ болашақ мамандардың аналитикалық ойлауын, кәсіби дағдыларын дамытуға және медиамәдениетін қалыптастыруға ықпал етті .