- Басты бет
- Жаңалықтар
- Қытайтану кафедрасында кәсіби дискурстағы жанрдың функционалдық және прагматикалық қырлары атты тақыррыпқа арналған ғылыми семинар өтті.
Қытайтану кафедрасында кәсіби дискурстағы жанрдың функционалдық және прагматикалық қырлары атты тақыррыпқа арналған ғылыми семинар өтті.
2026 жылғы 26 ақпан күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Шығыстану факультетінің Қытайтану кафедрасында «Кәсіби дискурстағы жанрдың функционалдық және прагматикалық қырлары» атты тақырыпта ғылыми семинар өтті. Семинар 8D02209 – «Шығыстану» білім беру бағдарламасының 2-курс докторанты Рахимбаева Г.К. жүргізіп жатқан зерттеу жұмысы аясында ұйымдастырылды.
Іс-шараға қытайтану кафедрасының оқытушылары, докторанттар, магистранттар мен студенттер қатысты. Семинар барысында қытай тіліндегі кәсіби дискурстың (іскерлік, техникалық, академиялық мәтіндер) жанрлық ерекшеліктері мен олардың коммуникативтік функциялары талқыланды. Семинар барысында мұнай-газ саласындағы кәсіби дискурстағы жанр, функция және прагматика мәселелері қарастырылып, қазақ, орыс және қытай тілдеріндегі кәсіби коммуникация ерекшеліктері талданды.
Семинар барысында зерттеудің функционалдық қырлары кеңінен ашылды. Атап айтқанда, кәсіби жанрлардың негізгі функциялары ретінде ақпараттық, реттеуші, дәлелдеуші, құқықтық бекіту, үйлестіру және бақылау қызметтері сипатталды. Баяндамада жанрдың функциясы оның кәсіби ортада не істейтінін, яғни қандай әрекетті жүзеге асыратынын көрсететіні ерекше атап өтілді.
Сонымен қатар, семинарда зерттеудің прагматикалық қырлары да нақты талданды. Прагматика кәсіби мәтіннің адресатқа қалай әсер ететінін, қандай тілдік тетіктер арқылы міндеттеу, шектеу, легитимация, жауапкершілікті бөлу, тәуекелді басқару және тұлғасыздандыру жүзеге асатынын түсіндіретін маңызды компонент ретінде қарастырылды. Бұл тұрғыда міндеттеу/тыйым салу, жұмсарту, легитимация, жауапты тұлғаны белгілеу, шарт пен шекараны көрсету секілді негізгі прагматикалық механизмдер көрсетілді
Семинар қорытындысында ұсынылған зерттеу тәсілінің теориялық және практикалық маңызы жоғары екені атап өтіліп, докторанттың ғылыми жұмысы оң бағаланды.
Басқа жаңалықтар