Мамандыққа баулу мақсатында жұмыс орындарына экскурсияFarabi University

Мамандыққа баулу мақсатында жұмыс орындарына экскурсия

28 ақпан, 2026

Мамандыққа баулу мақсатында жұмыс орындарына экскурсия

Мамандыққа баулу және теориялық білімді тәжірибемен ұштастыру мақсатында «Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері» мамандығының 4 курс студенттерінің қазіргі өтіп жатқан өндірістік практика орындарына және өз мамандықтары бойынша кәсіби қызмет атқарып жүрген студенттердің жұмыс орындарына экскурсия ұйымдастырылды. Практика барысында білім алушылар нақты жұмыс процестерімен танысып, заманауи технологиялар мен ақпараттық жүйелердің жұмыс істеу ерекшеліктерін меңгеруде.

Айтап айтқанда, Қазақтелеком, ForteBank, Мемлекеттік техникалық қызмет, Mimicats Cyber Security Group, Б-Сервис, ҚР Лаңкестік және экстремизм мәселелерін зерттеу орталығы қоғамдық қоры және Қарасай ауданының Жер қатынастары бөлімі мекемелерінде өндірістік практикадан өту барысында студенттер ақпараттық технологиялар, киберқауіпсіздік, техникалық қызмет көрсету, талдау және құжаттамалық жұмыстарды атқарады. Олар ақпараттық жүйелерді бақылау, желілерді баптау, деректерді қорғау, осалдықтарды анықтау, техникалық қолдау көрсету, құжаттарды рәсімдеу және талдамалық есептер дайындау сияқты кәсіби міндеттерді орындап, тәжірибелік машықтарын қалыптастырады.

Сонымен қатар, ISA Logistics, TOO МФО, РЭК Энергосистема, KMLAB, Техинвест және Turan-Kyzmetұйымдарында студенттер ақпараттық қауіпсіздік бөлімінде аналитиктің көмекшісі, аудитордың көмекшісі, пентестердің ассистенті, SOC маманының тағылымгері немесе оператор ретінде қызмет атқарады. Олар қауіпсіздік аудитіне қатысып, желілік трафикті талдайды, осалдықтарды анықтайды, инциденттерді тіркеп, жедел әрекет ету шараларын жүзеге асырады және техникалық құжаттамалар әзірлейді.

Экскурсия барысында студенттер мекемелердің құрылымымен, ақпараттық қауіпсіздік саясатының ұйымдастырылуымен, деректерді қорғау тетіктерімен және кибершабуылдардың алдын алу әдістерімен танысты. Тәжірибелі мамандармен кездесулер ұйымдастырылып, кәсіби бағыт-бағдар беру, еңбек нарығындағы талаптар, халықаралық стандарттар мен сертификаттаулар туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Өндірістік практика студенттердің кәсіби құзыреттілігін арттырып қана қоймай, жауапкершілік, ұқыптылық, командалық жұмыс және аналитикалық ойлау қабілеттерін дамытуға ықпал етеді. Мұндай жұмыс орындарына экскурсиялар мен тәжірибелік сабақтастық болашақ ақпараттық қауіпсіздік мамандарын даярлауда маңызды рөл атқарып, олардың еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, білікті маман болып қалыптасуына негіз болады.