- Басты бет
- Жаңалықтар
- Ұрпақтар сабақтастығы: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «Физхимик 2026» халықаралық олимпиадасы өтті
Ұрпақтар сабақтастығы: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «Физхимик 2026» халықаралық олимпиадасы өтті
25-26 ақпан 2026 жылы. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің химия және химиялық технология факультетінде ғылыми-білім беру қоғамдастығы үшін маңызды оқиға — жыл сайынғы академик Х.Қ. Оспанов атындағы «Физхимик 2026» физикалық химиядан халықаралық олимпиадасы өз мәресіне жетті.
Биылғы іс-шараның академиялық және рухани мәні ерекше: ол көп жылдар бойы кафедрада дәріс беріп, талай химия мамандарын тәрбиелеген, сонымен қатар физикалық химия бойынша оқулықтар мен оқу құралдарын қазақ тіліне аударған көрнекті ұстаз, профессор Шабикова Гульжан Хасеновнаның 90 жылдық мерейтойына арналды.
Ауқымды география және цифрлық формат
Олимпиада ғылымның шекара танымайтынын тағы бір мәрте дәлелдеді. Қашықтыққа қарамастан, зияткерлік сайысқа төрт мемлекеттің жетекші жоғары оқу орындарының өкілдері қатысты. Жарыс онлайн және офлайн форматтарды ұштастыра отырып өткізілді, бұл барлық қатысушылар үшін ашықтық пен тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етті.
Үздік физхимик атағы үшін келесі оқу орындарының студенттері бақ сынасты:
- Қазақстан: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, академик Е.А. Бөкетов атындағы ҚарУ, Л.Н. Гумилев атындағы ЕНУ, Қ. Жұбанов атындағы АӨУ және Абай атындағы ҚазҰПУ.
- Ресей: Новосибирск мемлекеттік техникалық университеті (НМТУ).
- Өзбекстан: Мырза Ұлықбек атындағы Өзбекстан Ұлттық университеті.
- Қырғызстан: И. Арабаев атындағы Қырғыз мемлекеттік университеті.
Олимпиада екі кезеңнен тұрды. Қатысушылар термодинамика мен кинетиканың іргелі заңдарын білумен қатар, күрделі әрі стандартты емес есептерді шығару дағдыларын көрсетті.
Төрешілер алқасының шешімі бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді:
- I орын: Михаил Симонов – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенті.
- II орын: Александра Зарутская және Жанерке Мутиголла – академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды зерттеу университетінің студенттері.
- III орын: Дәурен Дәулетбаев, Нұрай Совет (Қ. Жұбанов атындағы АӨУ) и Артем Лаптинов (НМТУ, Ресей).Жеңімпаздардың барлығы арнайы дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
Мұндай ауқымды іс-шараның жоғары деңгейде өтуіне профессор Г.Х. Шабикованың отбасы үлкен қолдау көрсетті. Олимпиаданың демеушілері ретінде ғалымның қыздары — Сарбақанова Шолпан Таупиққызы мен Сарбақанова Айман Таупиққызы бой көрсетіп, аналарының ісін жалғастырып, дарынды жастарға жол ашты.
«Физхимик 2026» додасының сәтті өтуіне физикалық химия, катализ және мұнай химиясы кафедрасының оқытушылары, Гульжан Хасановнаның шәкірттері зор үлес қосты:
- Профессорлар Е.А. Әубәкіров, А.Қ. Оспанова, Г.А. Сейілханова А.Қ. доценттер А.Қ. Түсіпбекова, Жүсіпова, аға оқытушылар Р.Н. Әжіғұлова, С.М. Нәренова.
- Сондай-ақ жас буын өкілдері: аға оқытушы Б.С. Бәкірова, оқытушылар Ж.Б. Бекисанова, А.Қ. Кеңесова, Б.Е. Савденбекова, Қанат Амантайұлы және кафедра магистранттары.
«Физхимик 2026» олимпиадасы жай ғана сайыс емес, Қазақстан мен Тәуелсіз Мемлекеттер Достығы елдерінің жоғары оқу орындары арасындағы тәжірибе алмасу алаңына айналды. Бұл шара профессор Г.Х. Шабикованың мұрасы оның шәкірттерінің ісінде өмір сүріп жатқанын және қазіргі ғылымның жаһандық мәселелерін шешуге дайын жаңа буын химиктерінің табыстарымен жалғасатынын дәлелдеді.
Физикалық химия, катализ және мұнай химиясы кафедрасының доценті А.К. Жүсіпова
Басқа жаңалықтар