Денсаулық – ең басты құндылықFarabi University

Денсаулық – ең басты құндылық

17 ақпан, 2026

Жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау – болашаққа жасалған маңызды қадам. Денсаулыққа жас кезден мән беру – үлкен мақсаттарға жетудің берік негізі. Дұрыс күн тәртібі, белсенді қозғалыс, сапалы тамақтану және зиянды әдеттерден алшақ болу – табысты тұлғаның басты тірегі.

Осы мақсатта студент жастарға «Денсаулық – ең басты құндылық» атты танымдық тренинг өткізілді. Шара барысында қатысушылар салауатты өмір салтының маңызы туралы мазмұнды ақпарат алып, пайдалы әдеттерді қалыптастыру жолдарымен танысты. Денсаулықтың тек физикалық емес, рухани және әлеуметтік қырлары да қамтылып, үйлесімді өмір сүру қағидалары түсіндірілді.

Қатысушыларға күнделікті өмірде қолдануға болатын қарапайым әрі тиімді кеңестер ұсынылып, алдын алу мәдениетінің мәні айқындалды. Нәтижесінде студенттер денсаулыққа жауапкершілікпен қараудың маңызын терең түсініп, маңызды ой түйді.