Академик Өмірбек Жолдасбековтің ғылыми мұрасыFarabi University
Референдум 15 марта

Академик Өмірбек Жолдасбековтің ғылыми мұрасы

2 наурыз, 2026

Ұлағатты ұстаз, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанда машиналар мен механизмдер теориясы және робототехника ғылымдарының негізін қалаушы ғұлама ғалым Өмірбек Жолдасбеков 1931 жылы 1 наурызда Шымкент облысы Сайрам ауданы Қызыл су ауылында дүниеге келген. Өмірбек Арысланұлы Шымкент қаласындағы №7 орта мектепті алтын медальмен бітіріп, 1949-54 жылдары М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің механика-математика факультетінде дәріс алады. Осы университет қабырғасында Кеңес Одағында машиналар мен механизмдер теориясының негізін қалаушы академик И.И.Артоболевскийдің ғылыми жетекшілігімен «Ассур ме­ха­низмінің кинематикасы» тақырыбында дипломдық жұмыс қорғайды. 

1954-58 жылдары Шым­кент қаласындағы Қазақ хи­мия-тех­но­логия инсти­ту­тын­да мұ­ға­лім және декандық қыз­­метінен кейін, 1958-62 жыл­дары Мәс­кеу тоқыма инс­титутының ас­пи­рантурасында оқып, то­қы­ма станоктар ди­на­микасын зерт­теу­ден кан­ди­даттық дис­сер­­та­ция қор­ғай­ды. Де­ген­мен Өмір­­бек Арыс­­лан­ұлының не­­гізгі ғы­лы­ми бағдарламасы сол Ло­мо­но­сов уни­вер­си­те­тін­де ака­демик И.И.Ар­­­то­бо­левски­й­мен бірге бастап жүргізген жо­ға­ры класты Ас­сур меха­низм­де­рі. Жоғары клас­ты Ассур ме­ханизмдері тұйық­талған ай­нымалы ки­не­­­­­­матикалық тіз­бектерден тұ­­­­­­ратындықтан, олар­­дың функ­­­­­­­ционалдық мүм­кіндіктері өн­дірісте қол­да­ны­лып жүрген Силь­вестер диа­да­ларына қа­ра­ғанда өте жоғары. Қазіргі дүниежүзілік робо­то­тех­ника саласындағы қар­қын­ды дамып келе жатқан тұйық­талған кинематикалық тіз­бек­терден тұратын параллель ро­боттардың негізі осы жазық және кеңістік жоғары класты механизмдер екені анық.

Академик Жолдасбековтің осы саладағы Қазақ ұлттық уни­верситетінде 1970-86 жыл­дары ректорлық қызметімен қа­тар, өзінің шәкірттерімен жүр­гізген ғылыми жұмыстары халықаралық деңгейде болды. Өмірбек Арысланұлы 1970 жылы 39 жасында С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің ректоры қыз­метіне тағайындалып, «Ма­ши­налар және механизмдер тео­риясы» мамандығы уни­вер­­ситеттің механика-ма­те­ма­тика факультетінде оқытыла бас­тады. Осыған дейін ма­ши­на­лар мен механизмдер тео­рия­сы тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл Кеңес Одағында тех­никалық институттарда ғана оқылатын пән болатын. Машиналар және механизмдер теориясы – математика, ме­ха­ника, информатика білімдерін қажет ететін және қазіргі робо­то­техниканың негізі болып са­налатын күрделі ғылым. Сон­­дық­тан машиналар және ме­­­ханизмдер теориясы пә­нінің іргелі университет қа­быр­­ға­сын­да ашылуы осы ғы­лымға үлкен серпіліс берді. Уни­вер­си­тетімізде Өмірбек Арыс­лан­ұлының жетек­шілі­гі­мен «Ма­­ши­налар мен ме­ха­низм­­дер тео­­риясы» ма­ман­ды­ғы бо­йын­ша мамандар, ға­­­лым­дар даяр­лана бастады. Мәс­кеудегі Ке­ңес Одағы Ғы­лым ака­демиясының А.А.Бла­­гонравов атындағы Ма­ши­на­та­ну институтындағы док­­тор­лық кеңестен кейін Кеңес Одағында екінші докторлық диссер­та­ция­лық кеңес ашылды. Осы ке­ңес­те қазақстандық ға­лым­дардың ғана емес, сонымен қатар Қырғызстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Армения, Ресей, Украина, Белоруссия Рес­пуб­ли­калары ғалымдарының док­торлық диссертациялары қор­ға­ла бастады. Осы кезеңде уни­верситетте жоғары класты механизмдердің аналитикалық теориясы құрылып, олардың негізінде отандық және шет­елдік патенттерімен қорғалған жаңа жүк көтергіш, тиегіш және қармауыш манипуляторлары жасалды. Университетте осы манипуляторларды әзірлейтін тәжірибелік өндіріс және ро­бототехника саласы бойынша Рес­публикалық ғылыми әдіс­те­мелік орталық ашылды.

Бұл күндері ұлы ұстазы­мыз­дың ұлағатты өсиеттері Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлт­тық университетінде жалғасын табуда. Университетімізде 2017 жылы 1 қарашада «Сандық тех­но­логиялар және робототех­ни­ка» ғылыми білім беру ор­та­лығы ашылып, 2025 жылы осы орталықтың негізінде Қы­тай­дың Huibo Robotics компа­ния­сымен бірлесе «Сандық техно­ло­гиялар және робототехника» халықаралық институты және Робот орталығы құрылды. Инс­титут пен Робот орталығы Huibo Robotics компаниясының ал­дыңғы қатарлы сандық тех­но­логиялар, робототехника, ме­хатроника және жасанды интеллект қондырғыларымен жабдықталып, Farabi Hubта ауданы 600 м² ғимаратта ор­на­ласқан. 2018 жылы универ­си­теттің механика-математика факультетінде «Робото­техни­калық жүйелер» оқу бағ­дар­ла­масы ашылып, робото­техника және мехатроника салалары бойынша мамандар даяр­ла­нуда. Университетте сонымен қатар Farabi Robotics орталығы жұмыс істейді.

Халықаралық институттың ғылыми жұмыстары параллель роботтар, гуманоид роботтар, RoboMech класты параллель манипуляторлар бағдарла­ма­лары бойынша жүргізілуде.

Параллель роботтар сала­сында жоғары класты кеңістік механизмдер негізінде патент­тер­мен қорғалған үш аяқты параллель роботтар (три­под­тар) жасалған. Олардың техни­ка­лық сипаттамалары алты аяқ­ты параллель роботтарға (гек­саподтарға) қарағанда жо­ғары және аэроғарыш, ад­ди­тивті технологиялар сала­ла­рын­да пайдалануға болады.

Гуманоид роботтар са­ла­сында отандық қашықтан бас­­қарылатын әлеуметтік «Ai-Gerim» гуманоид роботы жа­са­луда. Роботтың басы мен тұл­ғасы параллель ма­ни­пу­ля­торлар арқылы қозғалысқа келеді. Бұл адам тәрізді қоз­ға­лыстар мен тұрақтылықты қам­тамасыз етеді. «Ai-Gerim» гуманоид роботы физикалық мүмкіншілігі шектеулі жан­дар­ды жұмыспен қамтуға мүм­кін­дік береді. Олар үйде отырып Wi-Fi байланысы арқылы «Ai-Gerim» роботын қашықтықтан басқарады, ал робот музей­лер­де, супермаркеттерде және басқа да қоғамдық орын­дарда гид, кеңесші, сатушы және т.б. функцияларды орын­дайды.

RoboMech класты па­рал­лель манипуляторлар ро­бот­­­тар­дың жұмыс істеу мү­ше­лерінің берілген қоз­ға­лыстар жа­сайтын қасиет­теріне және ме­ха­низмдердің жетекші буын­­дарының қозғалыс заң­да­ры­ның берілу қасиетіне ие па­раллель манипуляторлар жа­­т­ады. Сондықтан RoboMech класты параллель мани­пуля­тор­лардың басқару жүйелері қарапайым, жылдамдықтары жоғары және оларды ав­то­мат­т­ы машиналарда қолдануға бо­лады. Институтта патент­тер­мен қорғалған коор­ди­на­та­лар жүйесінде жұмыс істейтін, екі жүгірткілі және екі жұмыс мүшелері бар RoboMech клас­ты параллель манипуляторлар жасалып, зерттелуде. Бұл па­рал­лель манипуляторларды суық штамптау автоматты же­лі­сінде пайдалануға болады.

Институттың ғылыми зерт­теу жұмыстары және PhD док­тор­ларын даярлау Америка Құ­рама Штаттарының Лоуренс технологиялық университеті (проф. Тарек Собх) және Брид­же­порт университеті (проф. Са­рош Пател), Францияның Пуа­тье университеті (проф. Мед Амин Лариби), Италияның Ка­лабрия университетімен (проф. Джузеппе Карбоне), Қы­тайдың Шаньдун ғылым ака­демиясымен (проф. Ли Циан) бірлесіп жүргізілуде.

Академик Өмірбек Жолдас­бек­овтің ғылыми еңбектері отан­дық және халықаралық дең­гейде осылай жалғасын та­буда. 

Жұмаділ БАЙҒҰНШЕКОВ,

«Сандық технологиялар

және робототехника» халықаралық институтының ғылыми жетекшісі,

ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі