- Басты бет
- Жаңалықтар
- ТДМ (ЦУР) 15 – «Құрлықтағы өмір» бағыты аясында Кайранова Гүлзат Қанатқызының «Іле-Балқаш өңірі жағдайындағы Zygophyllum fabago L. өсімдігінің ценопопуляцияларының қазіргі жағдайын бағалау» тақырыбындағы диссертациялық жұмысы талқыланды
ТДМ (ЦУР) 15 – «Құрлықтағы өмір» бағыты аясында Кайранова Гүлзат Қанатқызының «Іле-Балқаш өңірі жағдайындағы Zygophyllum fabago L. өсімдігінің ценопопуляцияларының қазіргі жағдайын бағалау» тақырыбындағы диссертациялық жұмысы талқыланды
2026 жылғы 13 ақпанда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Биология және биотехнология факультеті, Ботаника және агроэкология кафедрасында кеңейтілген мәжіліс өтті. Мәжілісті төрайым Н.З. Ахтаева ашып, күн тәртібімен таныстырды. Күн тәртібіне сәйкес «8D05108 – Геоботаника» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алуға ұсынылған кафедра докторанты Кайранова Гүлзат Қанатқызының «Іле-Балқаш өңірі жағдайындағы Zygophyllum fabago L. өсімдігінің ценопопуляцияларының қазіргі жағдайын бағалау» тақырыбындағы диссертациялық жұмысы талқыланды. Қорғау тілі – қазақша, баяндама регламенті – 20 минут.
Талқыланған зерттеу жұмысы Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ/ЦУР) 15-мақсаты – «Құрлықтағы өмір» бағытымен тікелей сабақтас. Себебі Іле–Балқаш өңірі секілді табиғи ландшафттары әркелкі аймақта өсімдіктер популяцияларының қазіргі күйін бағалау биоалуантүрлілікті сақтау, жер ресурстарының тозуын тежеу және құрлық экожүйелерінің тұрақтылығын қолдау міндеттеріне ғылыми негіз береді. Диссертация аясында Zygophyllum fabago L. түрінің ценопопуляцияларының жағдайына баға беріліп, популяциялық тұрақтылыққа әсер ететін факторларды анықтау арқылы табиғи қауымдастықтарды қорғауға бағытталған қорытындылар ұсыну көзделген.
Рецензенттер ретінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Ботаника және агроэкология кафедрасының доценті, б.ғ.к. Ибрагимов Т.С. және Биология және биотехнология факультетінің әлеуметтік-тәрбие жұмысы жөніндегі деканның орынбасары, PhD, доцент м.а. Құсманғазинов Ә.Б. пікір білдірді. Докторант рецензенттердің ескертулері мен ұсыныстарына нақты жауап беріп, жұмыстың негізгі нәтижелерін қорғады.
Докторанттың ғылыми жетекшілері: отандық жетекші – б.ғ.к., қауымдастырылған профессор Мамурова Асем Тлеужановна (әл-Фараби атындағы ҚазҰУ), шетелдік жетекші – PhD, қауымдастырылған профессор Ахмет Бейатлы (Медицина Ғылымдарының Университеті, Стамбул, Түркия). Г.Қ. Кайранова 2024 жылғы 15 шілде мен 15 тамыз аралығында аталған университеттің Дәрілік және хош иісті өсімдіктер кафедрасында шетелдік ғылыми тағылымдамадан өтті.
Диссертация бойынша жарияланған мақалалар саны – 10: оның ішінде 2 мақала Web of Science және Scopus базаларына енетін халықаралық журналдарда, 2 мақала республикалық ғылыми журналдарда, 6 мақала халықаралық конференциялар жинақтарында жарық көрген. Сонымен қатар, 2023 жылы «Биологический профиль и биоактивный потенциал народного лекарственного растения Zygophyllum fabago L.» тақырыбындағы жобасымен «Тәуелсіздік ұрпақтары» ұлттық грантын жеңіп алып, мемлекеттік грант иеленді.
.jpeg)
.jpeg)
Мәжіліс барысында төрайым тарапынан қатысушыларға сұрақ қоюға мүмкіндік беріліп, пікірталас бөлімі ұйымдастырылды. Рецензенттердің баяндамалары тыңдалғаннан кейін докторантқа жауап сөз беріліп, ұсыныстарды ескеру жолдары нақтыланды. Талқылауға қатысушылар диссертациялық жұмыстың өзектілігін, нәтижелерінің жүйелілігін және докторанттың талап етілетін жарияланымдар мен академиялық міндеттерді уақытында орындағанын атап өтті. Қорытынды бөлімде қаулы жобасы дауысқа салынып, «қарсы емес», «қарсы», «қалыс қалғандары» тәртібімен дауыс беру нәтижесінде қолдау тапты. Мәжіліс төрайымы әріптестерге белсенді қатысып, пікір білдіргені үшін алғыс айтып, қабылданған шешімнің алдағы ресми қорғау рәсіміне ұсынылатынын жеткізді және толық хаттамаға енгізілді.
Ботаника және агроэкология кафедрасы
Басқа жаңалықтар