Жасанды интеллект деген не: мүмкіндіктері мен шектеулері
Рекреациялық география және туризм кафедрасының «Туризм» білім беру бағдарламасының 1-курс студенттері «Жасанды интеллект деген не: мүмкіндіктері мен шектеулері» тақырыбында ашық іс-шара өткізді.
Іс-шара барысында жасанды интеллект ұғымы мен оның жұмыс істеу қағидаттары, негізгі мүмкіндіктері мен қолданыстағы шектеулері, сондай-ақ қазіргі қоғам мен туризм саласындағы өзекті қолдану бағыттары қарастырылды. Туризм индустриясының цифрлық трансформациясы, қызмет көрсету мен туристік үдерістерді басқаруда жасанды интеллектіні пайдалану, сондай-ақ технологияларды енгізудің этикалық қырлары мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Іс-шара интерактивті талқылау форматында өтті. Студенттер баяндамалар жасап, өзара пікір алмасты және жасанды интеллект құралдарын практикалық қолдану мысалдарын көрсетті.
Жауапты эдвайзерлер: Алиева Ж.Н., Абдреева Ш.Т.
Басқа жаңалықтар