География ғылымдарының докторы, профессор Г.Н. Нюсупованың «Әйелге құрмет – болашаққа құрмет» тақырыбындағы, әйелдің ғылым мен қоғамдағы рөліне арналған лидерлік лекциясы өттіFarabi University
Референдум 15 марта

География ғылымдарының докторы, профессор Г.Н. Нюсупованың «Әйелге құрмет – болашаққа құрмет» тақырыбындағы, әйелдің ғылым мен қоғамдағы рөліне арналған лидерлік лекциясы өтті

3 наурыз, 2026

Іс-шара ҚазақстанҚытай орталығында 3 наурыз күнісағат 14:00-де басталып, ашық диалог форматында өтті. Лекцияның басты мақсатыәйелдің ғылымдағы жәнеқоғамдағы рөлін айқындау, жас буынға көшбасшылық пенкәсіби табыстың жарқын үлгісін көрсету, қыз студенттердіңғылыми әрі тұлғалық дамуына серпін беру, сондай-ақгендерлік теңдік пен өзара құрмет мәдениетін дәріптеу болды.

Кездесудің құрметті қонағыгеография ғылымдарыныңдокторы, профессор Нюсупова Гульнара Нұрмұхамедовна. Ғылым мен білім беру саласында өзіндік орны бар, отандықгеография ғылымының дамуына сүбелі үлес қосып жүргенғалым оқытушылармен тәжірибесімен бөлісіп, көшбасшылықтың мәні мен жауапкершілігі туралы терең ойқозғады

Іс-шара барысында ғылымдағы әйел көшбасшылығы, академиялық ортадағы мүмкіндіктер мен сын-қатерлер, кәсібидаму мен тұлғалық өсу жолдары талқыланды. Спикер өзсөзінде табыстың негізгі формуласыүздіксіз ізденіс, еңбекқорлық, мақсатқа адалдық және білімге деген шынайықұштарлық екенін атап өтті. Сонымен қатар, жасзерттеушілерге ғылым жолында кездесетін қиындықтарданқорықпауға, халықаралық ғылыми кеңістікке еркін қадамбасуға және өз әлеуетін толық іске асыруға шақырды.

Лекцияның интерактивті бөлімінде қатысушылар өздерінқызықтырған сұрақтарын қойып, мазмұнды пікір алмасуалаңы құрылды. Кездесу кәсіби ортада ашық диалогмәдениетін қалыптастыруға және тәжірибе алмасуғамүмкіндік берді

Аталған іс-шара Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақтыдаму мақсаттарымен (ЦУР) тығыз байланысты. Атапайтқанда, ЦУР 5 – «Гендерлік теңдікке қол жеткізу» қағидатын насихаттау арқылы әйелдердің білім менғылымдағы мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған. Соныменқатар, ЦУР 4 – «Сапалы білім» мақсатына сәйкес, академиялық ортада үздіксіз кәсіби даму мен сапалы білімберу қағидаттары кеңінен қозғалды.

Бұл кездесу әсіресе факультеттің жас профессор-оқытушылар құрамы (ППС) үшін маңызды болды. Қазіргіжоғары білім беру жүйесінде жас оқытушылардың ғылымиәлеуетін арттыру, зерттеу мәдениетін қалыптастыру, халықаралық жарияланым белсенділігін күшейту жәнеғылыми жобаларға қатысустратегиялық міндеттердің бірі. Лекция барысында айтылған көшбасшылық, жауапкершілік, кәсіби адалдық және ғылыми батылдық қағидаттары жас ППС үшін нақты бағдар бола алды

Профессор Нюсупова Г.Н.-ның ғылыми жолытабандылық пен жүйелі еңбектің нәтижесі. Бұл жасоқытушыларға ғылыми мектеп қалыптастыру, авторлықкурстар әзірлеу, білім беру мен ғылымды ұштастырубағытында тың серпін береді. Сонымен қатар, академиялықортада әйел ғалымдардың рөлін нығайтужас оқытушыларарасында тең мүмкіндіктер қағидатын орнықтыруға ықпалетеді.

Жас ППС өкілдері үшін бұл лидерлік лекция кәсібимотивация алаңы болды. Аға буын ғалымдарының тәжірибесімен өмірлік ұстанымдары жас мамандардың ғылымикөзқарасын кеңейтіп, стратегиялық ойлау дағдыларындамытуға әсер етті. Осындай кездесулер факультеттесабақтастық дәстүрін нығайтып, зияткерлік әлеуеттіарттыруға қызмет етеді.  

Қорытындылай келе, «Әйелге құрмет – болашаққа құрмет» атты лидерлік лекция факультеттің академиялық қауымдастығы үшін маңызды рухани әрі кәсіби мәнге ие болды. Әсіресе жас профессор-оқытушылар құрамы үшін бұл кездесу ғылыми және тұлғалық дамуға жаңа серпін берген тағылымды алаңға айналды.