Әлеуметтік желілердегі этика және жауапкершілікFarabi University
Референдум 15 марта

Әлеуметтік желілердегі этика және жауапкершілік

28 ақпан, 2026

2026 жылдың 27 ақпанында сағат 17.00-де «Әлеуметтік желілердегі этика және жауапкершілік» тақырыбында ашық кураторлық сабақ ұйымдастырылды. Іс-шара барысында студенттерге әлеуметтік желілердегі қарым-қатынас мәдениеті мен этикалық нормалардың маңызы түсіндірілді.

         Куратор-эдвайзерлер Көшкімбаева Ү.Т. мен Моминов С.А. ұйымдастыруымен өткен сабақта әлеуметтік желілердегі моральдық принциптер мен пайдаланушылардың жауапкершілігі жайлы айтылды. Студенттер тақырып аясында презентациялар мен баяндамалар жасап, сұрақтарға жауап берді. Сонымен қатар, қатысушылар арнайы дайындалған ойындар арқылы әлеуметтік желілердегі этикалық ұстанымдарды меңгерді.

Ашық сабақ цифрлық кеңістіктегі қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруға бағытталған маңызды шаралардың бірі ретінде есте қалды.