Су – өмірдің бастауы тақырыбында ашық сабақ өтті
United Nations ұсынған Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ) 13 және 14 мақсаттарына сәйкес 2026 жылғы 4 наурызда География, жерге орналастыру және кадастр кафедрасында 3 курс «Кадастр» білім беру бағдарламасының студенттерімен су ресурстарын қорғау тақырыбында ашық сабақ өткізілді.
Сабақ барысында ТДМ-13 «Климаттың өзгеруіне қарсы іс-қимыл» және ТДМ-14 «Теңіздер мен мұхиттарды сақтау» мақсаттарының маңыздылығы талқыланды. Студенттер су ресурстарын тиімді пайдалану, оларды қорғау және экологиялық тұрақтылықты сақтау мәселелері бойынша өз ойларын ортаға салды.
Сабақтың практикалық бөлімінде студенттер топтық жұмыс жүргізіп, су ресурстарын қорғау тақырыбында постер дайындап, өз жобаларын таныстырды. Олар су көздерін қорғау, суды үнемді пайдалану және қоршаған ортаны сақтау бағытында ұсыныстарын ұсынды.
Ашық сабақ студенттердің экологиялық мәдениетін қалыптастыруға, табиғи ресурстарды қорғауға жауапкершілікпен қарауға және тұрақты даму қағидаттарын түсінуге бағытталды.