I Халықаралық ғылыми олимпиада - табысты қорытындыланды!
2026 жылғы 23-27 ақпан аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Экономика және бизнес жоғары мектебінің «Экономика» кафедрасы Самарқанд экономика және сервис институтымен бірлесіп «Инновациялар – экономикалық өсудің драйвері» тақырыбында I Халықаралық ғылыми олимпиаданы өткізді
Олимпиадаға Қазақстан мен шетелдік жоғары оқу орындарынан 25 командалары қатысты. Бірінші кезеңнен 13 команда жолдама алып шықты, екінші кезеңде қатысушылар экономикалық теория, микроэкономика және макроэкономика пәндері бойынша білімдерін сынап, тест тапсырмаларын орындап, есептер шығарды.
Олимпиада қорытындысы бойынша жүлдегерлер:
- I орын – I дәрежелі диплом (1 команда);
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Сайлау Жандаулет, Сабыржан Рысалды, Мұқан Еркежан, ғылыми жетекшілері: Даулиева Г.Р., Әбілда С.К.
- II орын – II дәрежелі диплом (2 команда);
1) Almaty Management University, Данияркызы Данеш, Абросимов Иван, Симонов Владислав, ғылыми жетекші: Балапанова Э.С.
2) Самарқанд экономика және сервис институты (Өзбекстан), Алимаматова Муслима, Мирзаахмедов Мирзие, Ортиков Фармонбой, ғылыми жетекші Артиков З.С.
- III орын – III дәрежелі диплом (3 команда).
1) И. Жансүгүров атындағы Жетісу университеті, Раисова Мелисса, Қайратұлы Қанат, ғылыми жетекшілері: Оралова С.Ш., Жанысбаева С.Б.
2) META (Management, Engineering, Technology and Analytics University), Ешимова Назым, Мусина Руфина, Смагул Жулдыз, ғылыми жетекші: Кенжебаева З.С.
3) Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті, Барлыбек Балжан, Дауренова Айимжан, Мұрат Арайлым, ғылыми жетекші: Мынжанова Г.Т.
Барлық қатысушыларға сертификаттар табысталып, жеңімпаздар дипломдармен марапатталды
Аталған олимпиада студенттердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға, ғылыми-зерттеу әлеуетін дамытуға және халықаралық академиялық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған маңызды алаңға айналды.
Барлық қатысушылар мен ғылыми жетекшілерге белсенділігі үшін алғыс білдіреміз! Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!
Экономика кафедрасы
Басқа жаңалықтар