- Басты бет
- Жаңалықтар
- ҚазҰУ-да академиялық басқару және білім беру сапасына арналған әдістемелік семинар өтті
ҚазҰУ-да академиялық басқару және білім беру сапасына арналған әдістемелік семинар өтті
2026 жылдың 3–6 наурыз аралығында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Академиялық мәселелер жөніндегі департаменті университет факультеттерінің басшылары мен оқытушы-профессорлық құрамына арналған «Академиялық басқару және білім беру сапасы: жетекшілер мен оқытушылар үшін қарқындылық» атты сараптамалық стратегиялық сессия ұйымдастырды. Іс-шараның негізгі мақсаты – академиялық басқару жүйесін жетілдіру және білім беру сапасын арттыру болды.
Сессия барысында оқу үдерісін тиімді ұйымдастыруға бағытталған бірқатар өзекті тақырыптар талқыланды. Атап айтқанда, «Үдерістерді жүйелеу: оқу қызметіндегі процесс-менеджмент», «Дуальды оқыту мен микробіліктілікті енгізу: кафедра меңгерушілеріне арналған практикум», «Университет стратегиясы және рейтингтік көрсеткіштер: кафедраның жауапкершілігі қандай?» және «Оқыту этикасы және қақтығыстарды басқару» тақырыптары бойынша пікір алмасулар өтті.
Аталған стратегиялық сессияда алынған тәжірибені тарату мақсатында Шығыстану факультеті Қытайтану кафедрасы оқытушы-профессорлық құрамына арналған әдістемелік-стратегиялық семинар ұйымдастырды.
Семинар барысында кафедра меңгерушісі Оразақынқызы Ф. «Дуальды білім беру мен микробіліктілікті енгізу процесі» тақырыбында баяндама жасап, жоғары оқу орындары мен үздіксіз білім беру жүйесінде микробіліктілік бағдарламаларын енгізудің халықаралық тәжірибесіне тоқталды.
Іс-шара барысында кафедра оқытушылары білім беру бағдарламаларын жетілдіру, дуальды оқыту элементтерін енгізу және білім алушылардың кәсіби дағдыларын дамыту мәселелері бойынша өзара пікір алмасып, бірқатар ұсыныстар білдірді.
Семинар қорытындысында білім беру сапасын арттыруға бағытталған жаңа тәсілдерді кафедра деңгейінде тиімді іске асырудың маңыздылығы атап өтілді.
Басқа жаңалықтар