Қаржылық сауаттылық негіздері» – жеке қаржыны басқару мәдениеті
ТДМ-4 05 Наурыз 2026 жылы ҚазҰУ, Журналистика факультеті, Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасында Медиакоммуникация мамандығының 1-курс студенттеріне арналған «Қаржылық сауаттылық негіздері» тақырыбында тәрбие сағаты өтті.
Іс-шараның мақсаты – студенттердің қаржылық сауаттылығын арттыру, жеке қаржыны тиімді басқару мәдениетін қалыптастыру және қоғамдағы жауапкершілік пен ақшаны дұрыс пайдалану дағдыларын дамыту болды.
Кездесу барысында бюджетті жоспарлау, жеке кірістер мен шығыстарды басқару, үнемділік, инвестиция және жинақ жасау, сондай-ақ қаржылық дағдарысқа төтеп беру мәселелері жан-жақты қарастырылды. Студенттерге нақты өмірлік мысалдар ұсынылып, өзекті қаржылық тақырыптар төңірегінде пікір алмасу ұйымдастырылды.
Тәрбие сағаты білім алушылардың қаржылық мәдениетін нығайтуға, жеке экономикалық шешім қабылдау қабілетін арттыруға және ақшаны дұрыс басқару дағдыларын қалыптастыруға бағытталды.
Басқа жаңалықтар