Құқықтық мәдениет: Студент және ЖауапкершілікFarabi University

Құқықтық мәдениет: Студент және Жауапкершілік

6 наурыз, 2026

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тарих факультетінде бірінші курс студенттерінің құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында маңызды жиын өтті. Әлеуметтік-тәрбие жұмысы жөніндегі декан орынбасары Мұхтар Ходжабайдың жетекшілігімен №420 аудиторияда «Құқықтық мәдениет: Студент және Жауапкершілік» атты іс-шара ұйымдастырылды.

Бұл кездесу «Оқыту әдебі және қақтығыстарды басқару» (Ethics of Teaching and Conflict Management) сарапшылық практикалық трегі аясында өтіп, оған «Кітапхана ісі», «Тіл білімімен тарих» және «Ғылыми тарих» мамандықтарының студенттері қатысты.

Мұхтар Қожабай өз сөзінде бірінші курс студенттері үшін университет қабырғасындағы ішкі тәртіп ережелерін сақтаудың маңыздылығын атап өтті. Ол студенттерді академиялық адалдық принциптерімен таныстырып, кез келген кикілжіңді заң мен этика аясында шешу жолдарын түсіндірді. Трек барысында студенттердің құқықтық санасын қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет және қоғамдық орындардағы мінез-құлық нормалары талқыланды. Студенттер нақты ситуациялық тапсырмалар арқылы конфликтілерді басқарудың практикалық әдістерін меңгерді.