БАҒЫЗБАЕВА ОҚУЛАРЫ – УНИВЕРСИТЕТ ТАРИХЫН ЖАҢҒЫРТУДЫҢ КӨРІНІСІ
БАҒЫЗБАЕВА ОҚУЛАРЫ – УНИВЕРСИТЕТ ТАРИХЫН ЖАҢҒЫРТУДЫҢ КӨРІНІСІ. Әл-ФарабиатындағыҚазақұлттықуниверситеті қабырғасында жүріп, талай игі істерге бастау болған Мая Мұхамедқызы Бағызбаеваның ғылымға қосқан үлесі өте зор. Әдебиеттің бастауы болған фольклорды, Жетісу жерінің ауыз әдебиетін зерттеуге он жылдан аса уақытын арнаған. Университет қызметкерлері, оқытушылар мен студенттерден ғылыми-зерттеу шығармашылық клубын құрып, зерттеу жұмыстарын жүргізуде қаражатын да, қажыр-қайратын да аямаған. Тәрбиелеген шәкірттері ұстаздарының қамқорлығын, шапағатын, мейірімін, адамгершлігін, қарапайымдылығын әлі күнге дейін ауыздарынан тастамай айтып жүреді. Өзі басшылық еткен, бүгінде қызы Жолдасбекова Баян Өмірбекқызы басшылық етіп отырған «Орыс филологиясы, орыс және әлем әдебиеті» кафедрасы ұжымының аға буын өкілдері Мая Мұхамедқызының ерекше ұйымдастырушылық қабілетін әлі күнге тамсана да сағына еске алады. М.Әуезов, Б.Кенжебаев, К.Аханов, М.Томанов, Т.Нұртазин, Ә.Дербісәлин, З.Қабдолов, М.Бағызбаева, А.Қыраубаева, Р.Нұрғали, Т.Сайрамбаев т.б. сынды ғалымдар факультет тарихын қалыптастырды. Р.Бердібаев, Т.Кәкішұлы, М.Мағауин, М.Жолдасбеков, Ә.Кекілбаев бастаған ғалым-жазушылар қазақ әдебиетінің мақтанышына айналғалы қашан... Әсіресе, факультеттің қоғамдық өмірі, жарқын болашағы деп өлшеусіз еңбек еткен тұлғалар мұрасы өткеннің өнегесі, келешекке бағдар. Бұл қатарда атақты ғалым, ұлағатты ұстаз, аяулы жар, ардақты ана ретінде қазақ тарихында елеулі орын алатын ф.ғ.д, профессор, академик Мая Мұхамед-Әлиқызы Бағызбаеваның тұруы – заңдылық! Осы орайда биыл да 28 сәуір күні VIII Бағызбаева оқулары өтті. «Актуальные проблемы современной филологии в контексте общей научной парадигмы» атты халықаралық ғылыми-практикалық жиынға шет елден және еліміздің әр өңіріндегі ЖОО мен ғылыми институттарынан атақты ғалымдар қатысып, бір ауыздан Мая Мұхамедқызының өмірі мен өнегелі істерін насихаттаудың студенттер үшін аса зор маңызды екенін құптады. Сонау қилы заманда ата-ананың қамқорынсыз қалған қайсар қазақ қызы басындағы ауыр қасіретті арқалай жүріп, ғылым-білімге деген құштарлығын жоғалтқан емес. Әкесін «халық жауы» деп жалмап, анасын «халық жауының әйелі» деп қамауға алған шақта Мая Мұхамедқызы небәрі 5 жаста ғана екен. Балалық шақтың аяқталған кезі де осы уақыт болатын. Өзінің өжеттілігінің, еңбекқорлығының арқасында қаршадай ғана қаракөз қыз Ресей жерінде білім алып, еш қорықпастан дипломдық жұмысын Жамбыл шығармашылығынан қорғайды. Бұл ісін Мұхтар Әуезов: «...басынан көп қиямет өткерген қазақ қызының Мәскеуде жүріп, Жамбыл тақырыбын таңдауының өзі – патриоттық» - деп жоғары бағалаған болатын. Оқуын бітіре сала Мая Мұхамедқызы елге келіп еңбек етуді бастайды. Жары Өмірбек Арсланұлы Жолдасбеков екеуіне мекен болған әл-ФарабиатындағыҚазақұлттықуниверситеті шығармашылығына шабыт беріп, ғылымға деген талпынысын шыңдай түскендей. Профессор Мая Мұхамедқызының қоғамдық шараларға да, айналасын рухани тұрғыда нұрландыруға косқан үлесі университетпен шектелген жоқ. Республика көлеміндегі жиындарға қоғамдық маңызы бар ұтқыр ойлары айтылған баяндамаларымен көпшілік назарына ілігіп, Қазақстан әйелдер қауымдастығына мүше болған. Кейіннен Қазақ ұлттық университеті әйелдерінің қауымдастығын құрып, өзі басшылық еткен. Бүгінгі күнде қауымдастық жұмысын анасының көзіндей көріп Баян Өмірбекқызы жалғастыруда. ГүлжанАйнабекова Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Филология және әлем тілдері факультеті орыс филологиясы және әлем әдебиеті кафедрасының оқытушысы «Қамшы» сілтейді