- Басты бет
- Жаңалықтар
- Профессор Тамара Минажқызы Шалахметова «Академик Н.Базанова» медалімен марапатталды
Профессор Тамара Минажқызы Шалахметова «Академик Н.Базанова» медалімен марапатталды
8 Наурыз Халықаралық Әйелдер күні қарсаңында ғылымның дамуына қосқан елеулі үлесі үшін биология ғылымдарының докторы, зоология, гистология және цитология кафедрасының профессоры Тамара Минажевна Шалахметоваға академик Н. Базанова атындағы медаль табыс етілді. Бұл медаль - ғалымдарды ерекше ғылыми жетістіктері мен көп жылдық еңбегі үшін марапаттайтын беделді марапат.
Тамара Минажевнаның ғылыми қызметі жылдарында жүздеген ғылыми жұмыстар жарияланды, халықаралық жобалар іске асырылды, ондаған жас зерттеушілер дайындалды. Бүгінде ғалымның шәкірттері Қазақстанның, Еуропаның, АҚШ-тың және басқа да елдердің ғылыми орталықтарында жұмыс істейді, зерттеулерін жалғастыруда, зертханалар құруда және ғылымның жаңа бағыттарын дамытуда.

Бүгінгі таңда профессор Тамара Минажевна Шалахметова жасуша биологиясы, эмбриология, экология, токсикология және биомедицина саласында тұрақты ғылыми мектеп құрды.
Н. Базанова атындағы медальмен марапттау - профессор Тамара Минажевнаның көп жылғы еңбегін, ғылымға берілгендігін және ғылыми әлеуетті дамытуға қосқан елеулі үлесін мойындау болып табылады. Тамара Минажевнаның қызметі - бұл ғылыми қоғамдастықтың дамуына ғана емес, білім беру мен ғылыми зерттеулердің болашағына да қосқан үлесі.
Құрметті марапатпен шын жүректен құттықтаймыз!
Әрі қарай әріптесіміз Тамара Минажевнаға ғылыми жетістіктер, шабыт, жаңа жаңалықтар мен зор денсаулық тілейміз.
Факультет және кафедра ұжымы осындай ғалымдармен мақтанады!
Зоология, гистология және цитология кафедрасының меңгерушісі
Кегенова Г.Б.
#SDG #SustainableDevelopment #KazNU #SDG_KazNU #SustainableKazNU
Басқа жаңалықтар