Поэзия байқауыFarabi University

Поэзия байқауы

11 наурыз, 2026

2026 жылдың ақпан айында Волгоград басқару институтында «Тіл білімі және мәдениетаралық коммуникация»  кафедрасының ұйымдастыруымен дәстүрлі 8-ші халықаралық «Ертең соғыс болды» поэзия байқауы өтті.

Байқауға әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің география және табиғатты пайдалану факультетінің студенттері қатысты. «Ертең соғыс болды» поэзия байқауы жас ұрпақтың бойында патриотизм сезімін, отанымызға деген сүйіспеншілікті және халқымыздың өлмес әскери ерлігіне құрмет сезімін қалыптастыруды мақсат етті.  Байқауға қатысушылар ұмытылмас поэзияны тыңдауға тамаша мүмкіндік алды.

8-ші «Ертең соғыс болды» халықаралық поэзия байқауының қорытындысын шығара отырып, келесі студенттер жүлделі орындарға ие болды:

1-орын – Ізім Дархан Асқарұлы (Мұса Джалил – «Варваризм») – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан. Аға оқытушы – Балғабекова Раушан Наурызбаевна;

2 орын – Есболат Жанғұл (Муса Жалил – «Варваризм») – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Алматы, Қазақстан. Аға оқытушы - Балғабекова Раушан Наурызбаевна);

3 орын – Балтабай Айерке (Андрей Дементьев – «Ана туралы баллада») – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Алматы, Қазақстан. Аға оқытушы – Балғабекова Раушан Наурызбаевна.

https://vlgr.ranepa.ru/news/main/2026-03-02/5/zavtra-byla-vojna.html