Тіл оқытуға арналған дөңгелек үстел
11 наурыз, 2026
2026 жылдың 10 наурызында Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің Қазақ филологиясы кафедрасы мен Мемлекеттік тілді дамыту орталығының ұйымдастыруымен «Коммуникативті технологиялар: тіл үйретудің теориясы мен тәжірибесі» атты дөңгелек үстел болып өтті.
Дөңгелек үстелдің мақсаты - білім беру үдерісінде коммуникативті технологияларды қолданудың тиімді жолдарын талқылау, тәжірибе алмасу және заманауи әдістемелік шешімдерді ұсыну. Аталмыш дөңгелек үстелге әл-Фараби атындағы ҚазҰУ шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының қауымдастырылған профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Гүлбағиза Мұсаева қатысып, “Тілді қарым-қатынас құралы ретінде меңгерту” тақырыбында баяндама жасады. Ол тіл оқыту мәселелерінің нақты әрі өзекті мәселелеріне тоқталып өтті. Дөңгелек үстелге ұйымдастырушы университет пен басқа да оқу орындарының ғалымдары қатысып, көрсетілген тақырып аясында өз ойларын ортаға салды.
Басқа жаңалықтар
12 наурыз, 2026
11 наурыз, 2026
11 наурыз, 2026