Жасыл экономикаға көшу – тұрақты дамудың маңызды бағытыFarabi University

Жасыл экономикаға көшу – тұрақты дамудың маңызды бағыты

12 наурыз, 2026


      2026 жылдың наурыз айында «Жасыл экономикаға көшу – ұлттық бәсекеге қабілеттілік факторы» тақырыбында  Экономика мамандығының студенттерімен танымдық іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шара барысында студенттер жасыл экономиканың мәні мен маңызын талқылап, оның еліміздің экономикалық дамуына және қоршаған ортаны қорғауға қосатын үлесін қарастырды. Шара аясында жасыл экономиканың қазіргі қоғамдағы рөлі, оның ұлттық экономиканың тұрақты дамуына ықпалы айтылды.
       Іс-шара барысында э.ғ.к., аға оқытушы Тураров Д.Р. және аға оқытушы Табеев Т.П. жасыл экономикаға көшу қазіргі қоғам үшін аса өзекті мәселе екенін атап өтті. Олар тұрақты даму, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау бүгінгі күннің маңызды бағыттарының бірі екенін айтты.
Сонымен қатар әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде іске қосылған "EcoFarabi AI виртуалды эко-кеңесшісі” таныстырылды. Бұл цифрлық платформа экологиялық сананы арттыруға, тұрақты даму қағидаларын насихаттауға және қоршаған ортаны қорғау бастамаларын қолдауға бағытталған.
Аталған жоба университеттің тұрақты даму стратегиясымен үндесіп, экологиялық жауапкершілікті арттыруға бағытталған маңызды инновациялық бастама екені атап өтілді.
       Іс-шара БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының 7-мақсаты – Қолжетімді және таза энергия, 12-мақсаты – Жауапты тұтыну және өндіріс және 13-мақсаты – Климаттың өзгеруімен күрес бағыттарымен үндеседі. Осындай мазмұнды шаралар студенттердің білімін кеңейтіп қана қоймай, олардың қоғам алдындағы жауапкершілігін арттыруға мүмкіндік береді.
     Ұйымдастырушылар: Андабаева Г.К., Тураров Д.Р., Табеев Т.П.