- Басты бет
- Жаңалықтар
- БҰҰ-ның 4 – Тұрақты даму мақсаты – «Сапалы білім беру» аясында 2026 жылғы 10 наурыз күні сағат 14:00-де «Халықаралық маркетинг» (магистратура) қосдиплом білім беру бағдарламасының (ББ) онлайн-презентациясының халықаралық семинары өтті
БҰҰ-ның 4 – Тұрақты даму мақсаты – «Сапалы білім беру» аясында 2026 жылғы 10 наурыз күні сағат 14:00-де «Халықаралық маркетинг» (магистратура) қосдиплом білім беру бағдарламасының (ББ) онлайн-презентациясының халықаралық семинары өтті
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Патрис Лумумба атындағы Ресей халықтар достығы университетімен (https://www.rudn.ru/ ) бірлесіп жүзеге асырылатын «Халықаралық маркетинг» білім беру бағдарламасының таныстырылымына арналған ақпараттық кездесу ұйымдастырылды. Іс-шара студенттерді бағдарламаның ерекшеліктерімен, оның академиялық артықшылықтарымен, халықаралық білім алу мүмкіндіктерімен және түлектердің кәсіби даму болашағын таныстыру мақсатында өткізілді.
Кездесуге қатысушыларды «Маркетинг» кафедрасының меңгерушісі, экономика ғылымдарының докторы, профессор Анастасия Владимировна Лукина, сондай-ақ әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Бизнес-технологиялар» кафедрасының меңгерушісі, экономика ғылымдарының кандидаты, профессор міндетін атқарушы Ахметова Зауреш Болатхановна құттықтады. Өз сөздерінде олар халықаралық маркетингтің қазіргі таңда жаһандық бәсекелестік, нарықтардың цифрлануы және халықаралық экономикалық байланыстардың қарқынды дамуы жағдайында жоғары сұранысқа ие бағыттардың бірі екенін атап өтті. Сонымен қатар, заманауи экономика жаһандық нарықтарды талдай алатын, мәдениетаралық коммуникацияларды меңгерген және стратегиялық маркетингтік басқару дағдылары бар жаңа буын мамандарын қажет ететінін айтты.
Студенттердің ерекше қызығушылығын Патрис Лумумба атындағы Ресей халықтар достығы университетінің «Халықаралық маркетинг» бағдарламасының үйлестірушісі НогаВладислава Игоревнаның баяндамасы тудырды. Ол білім беру бағдарламасының құрылымын, қос диплом бағдарламасы бойынша оқудың артықшылықтарын, грант орындарының санын, шәкіртақы мөлшерін және академиялық ұтқырлық мүмкіндіктерін жан-жақты таныстырды. Презентация барысында бағдарлама халықаралық компанияларда, талдау орталықтарында, маркетингтік агенттіктерде және сыртқы экономикалық қызметті дамытуға бағытталған ұйымдарда жұмыс істей алатын жоғары білікті мамандарды даярлауға бағытталғаны атап өтілді.
Кездесу барысында оқытудың практикалық бағыттылығына ерекше назар аударылды. Бағдарлама студенттері халықаралық нарықтарды талдаудың заманауи құралдарын, жаһандық нарықтарда брендтерді ілгерілету стратегияларын, цифрлық маркетингті меңгеріп, ғылыми-зерттеу жобаларына және халықаралық білім беру бастамаларына қатысу мүмкіндігіне ие болады.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға түсу шарттары, оқу процесінің ерекшеліктері және академиялық даму мүмкіндіктері туралы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ тарапынан «Халықаралық маркетинг» білім беру бағдарламасының әзірлеушісі, аға оқытушы ШуреновНурсултан Бекетович баяндады. Өз сөзінде ол талапкерлерге қойылатын талаптар, құжаттарды тапсыру тәртібі, конкурстық іріктеу ерекшеліктері, сондай-ақ университетте білім алудың артықшылықтары, студенттердің ғылыми зерттеулерге қатысу мүмкіндіктері және халықаралық алмасу бағдарламалары туралы кеңінен тоқталды.
Кездесу барысында студенттер бағдарламаға үлкен қызығушылық танытып, білім беру бағдарламасының мазмұны, тағылымдамадан өту мүмкіндіктері, халықаралық жобаларға қатысу және болашақтағы мансаптық мүмкіндіктер жөнінде көптеген сұрақтар қойды.
Өткізілген іс-шара «Халықаралық маркетинг» білім беру бағдарламасының мүмкіндіктері туралы студенттерді ақпараттандыруға және университеттер арасындағы академиялық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған маңызды алаң болды.
Іс-шараны ұйымдастырушылар: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Бизнес-технологиялар» кафедрасының меңгерушісі Ахметова З.Б. және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ тарапынан «Халықаралық маркетинг» білім беру бағдарламасының әзірлеушісі, аға оқытушы ШуреновН.Б.
Ақпараттық кездесу халықаралық білім беру бағдарламаларын дамытуға және Қазақстан мен Ресейдің жетекші университеттері арасындағы академиялық серіктестікті нығайтуға бағытталған маңызды қадам болды.
Басқа жаңалықтар