«Қазіргі жастар мәдениеті: дәстүр мен жаңа трендтер» атты танымдық шара өтті
2026 жылы 10 наурызда Дінтану және мәдениеттану кафедрасы «Сапалы білім беру» және «Теңсіздікті азайту» тұрақты даму мақсаттары аясында «Қазіргі жастар мәдениеті: дәстүр мен жаңа трендтер» атты танымдық шара өткізді.
Іс-шара барысында студенттер қазіргі жастар мәдениетінің ерекшеліктері, ұлттық дәстүрлердің жастар өміріндегі орны, сондай-ақ жаһандану мен әлеуметтік желілердің мәдениетке ықпалы туралы пікір алмасты. Шара аясында тақырыптық баяндамалар жасалып, студенттер арасында белсенді талқылау ұйымдастырылды. Сонымен қатар қатысушылар өз ойларын ортаға салып, қазіргі қоғамдағы мәдени өзгерістер туралы көзқарастарын білдірді.
Шараның басты мақсаты – жастардың мәдени құндылықтарға деген қызығушылығын арттыру, ұлттық дәстүрлер мен заманауи мәдени үрдістердің өзара байланысын түсіндіру және студенттердің мәдени-танымдық ой-өрісін кеңейту.
Іс-шараны ұйымдастырушылар: 2-курс докторанттары Жұбанышов А.Ш., Болысбеков Н.Н., PhD Каупенбаева С.М., PhD Альджанова Н.К.
Практика жетекшісі: ф.ғ.к., қауымдастырылған профессор Балтымова М.Р.
Басқа жаңалықтар