- Басты бет
- Жаңалықтар
- ТДМ 4: «Сапалы білім» аясында Магистранттардың ғылыми-зерттеу тағылымдамасының қорытындысы
ТДМ 4: «Сапалы білім» аясында Магистранттардың ғылыми-зерттеу тағылымдамасының қорытындысы
2026 жылдың 3-17 наурыз аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Филология факультетінің Түркітану және тіл теориясы кафедрасында «7M01704 - Шетел тілі: екі шетел тілі» білім беру бағдарламасының магистранттары үшін ғылыми-зерттеу тағылымдамасы (стажировка) өтті. Бұл шара БҰҰ-ның ТДМ 4: «Сапалы білім» мақсатын жүзеге асыруға бағытталған жоғары деңгейдегі академиялық ынтымақтастықтың көрінісі болды.
Тағылымдаманың ашылу салтанатында кафедра меңгерушісі Р.А. Авакова сөз сөйледі, профессор Г.Б. Мадиева магистранттарды жұмыс жоспарымен таныстырып, университеттің музейі мен кітапханасына экскурсия ұйымдастырды. Екі апталық бағдарлама аясында магистранттар келесі бағыттар бойынша қарқынды дайындықтан өтті:
● Ғылыми-әдістемелік дайындық: Электронды мәліметтер базасымен жұмыс істеу және Action research әдістерін меңгеру бойынша семинарларға қатысты.
● Академиялық жазу: CARS моделі бойынша ғылыми мақаланың кіріспе бөлімін жазуды үйреніп, магистрлік диссертация тақырыптары бойынша библиографиялық шолу жасады.
● Тәжірибелік сабақтар: «Pragmatics in Foreign Language Teaching» пәні аясында «Face negotiation theory» тақырыбындағы ашық дәрістерге қатысып, шетел тілін оқытудың заманауи аспектілерін талқылады.
Тағылымдама соңында магистранттар атқарылған жұмыстар бойынша талдамалық есеп беріп, мақала жобаларын қорғады. Сәтті аяқтаған қатысушыларға әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ресми сертификаттары табысталды. Сонымен қатар, университетіміз бен SDU University арасындағы тығыз байланыс аясында магистранттардың екіжақты тәжірибе алмасуына жоғары деңгейде жағдай жасалды.
Ұйымдастырушылар: Түркітану және тіл теориясы кафедрасының меңгерушісі Р.А. Авакова, профессор-оқытушылар құрамы: Г.Б. Мадиева, Н.А. Исмайлова, П.К. Елубаева, М. Жамбылқызы.
Басқа жаңалықтар