Қытайтану кафедрасында мәдениетаралық коммуникация тақырыбында ғылыми семинар өттіFarabi University

Қытайтану кафедрасында мәдениетаралық коммуникация тақырыбында ғылыми семинар өтті

10 наурыз, 2026

2026 жылғы 10 наурызда Қытайтану кафедрасында «Мәдениетаралық коммуникация аясындағы Қытайдың Қазақстандағы білім беру және медиа бастамаларын зерттеу: контактілік аймағы теориясы мен өріс теориясы негізіндегі эмпирикалық талдау» тақырыбында ғылыми семинар өтті. Семинар «8D02209 – Шығыстану» білім беру бағдарламасының 1-курс докторанты Манай Гүлгинаның зерттеу жұмысы аясында ұйымдастырылды.

Семинар барысында Қытайдың Қазақстандағы білім беру және медиа бастамалары жан-жақты талқыланды. Талқылау барысында контактілік аймағы теориясы мен өріс теориясы біртұтас талдау шеңберінде қарастырылып, далалық зерттеу материалдары негізінде мазмұнды ғылыми талдау жасалды.

Сонымен қатар, байланыс кеңістігіндегі аудиторияның аталған бастамаларға қатысты қабылдауы мен көзқарастары қарастырылды. Зерттеу нәтижелері Қытай мен Қазақстан арасындағы мәдениетаралық коммуникацияны дамытуға практикалық ұсыныстар беріп қана қоймай, жаһандану жағдайындағы мәдениетаралық коммуникацияны зерттеуге жаңа теориялық тәсілдер ұсынды.

Семинар барысында ұсынылған ғылыми тұжырымдар теориялық және практикалық тұрғыдан жоғары бағаланып, қатысушылар тарапынан мазмұнды пікірлер мен ұсыныстар айтылды.