«Конституциялық реформалар – Жаңа Қазақстанға бастар қадам»
12 наурыз күні Химия және химиялық технология факультетінің №13 Студенттер үйінде «Конституциялық реформалар – Жаңа Қазақстанға бастар қадам» тақырыбында түсіндіру кездесуі өтті. Іс-шараның басты мақсаты – студент жастарға алдағы референдумның мәні мен маңызын кеңінен түсіндіру, олардың азаматтық жауапкершілігін арттырып, құқықтық сауаттылығын дамыту, сондай-ақ қоғамдық-саяси үдерістер туралы ақпараттану деңгейін көтеру болды.
Кездесуді заң факультетінің маманы Есламғалиев Жақсылық Русланұлы жүргізді. Ол студенттерге референдум ұғымының мәні, оның құқықтық негіздері, өткізілу тәртібі және азаматтардың референдумға қатысу құқығы туралы жан-жақты мәлімет берді. Сонымен қатар, референдумның демократиялық қоғамдағы маңызына тоқталып, әрбір азаматтың ел болашағына қатысты маңызды шешімдерді қабылдауға қатысуының жауапкершілігі мен мәнін атап өтті.
Кездесу барысында студенттер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ашық пікір алмасу алаңына ие болды. Мамандар барлық сұрақтарға нақты әрі толық жауап беріп, құқықтық тұрғыдан түсіндірмелер ұсынды.
Осындай мазмұнды кездесулер студенттердің құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, азаматтық белсенділігін арттыруға және қоғамдағы маңызды саяси үдерістер туралы шынайы ақпарат алуына үлкен мүмкіндік береді.
Факультеттің әлеуметтік-тәрбие жұмыстары жөніндегі декан орынбасары 
Басқа жаңалықтар