Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ докторанттарының №11 Тұрақты даму мақсаты аясындағы ағартушылық акциясы: Алматыда Абайдың «Қара сөздерін» таратуFarabi University

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ докторанттарының №11 Тұрақты даму мақсаты аясындағы ағартушылық акциясы: Алматыда Абайдың «Қара сөздерін» тарату

12 наурыз, 2026

 

12.03.2026 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Дінтану» мамандығының 2-курс докторанттары Алматы қаласында ағартушылық акция өткізді.

Іс-шара ф.ғ.д., профессор Байтенова Н.Ж., з.ғ.к., профессор Бишманов К.М., ф.ғ.к., қауымдастырылған профессор Кантарбаева Ж.У., профессор м.а. Балтымова М.Р. жетекшілігімен ұйымдастырылды.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттарын, атап айтқанда №11 мақсат – «Тұрақты қалалар мен елді мекендер» жүзеге асыру аясында іс-шара барысында қала тұрғындарына Абай Құнанбайұлының «Қара сөздері» қазақ және орыс тілдерінде таратылды. Барлығы 50 кітап үлестірілді.

Акцияның мақсаты – Абайдың рухани мұрасын насихаттау, мәдени құндылықтарды дәріптеу және ұлы ойшылдың адамгершілік және гуманистік идеяларына қоғамның қызығушылығын арттыру.